Untitled Document

Денсаулық... Адамды семіртетін ас түрлері

Ұйқыға жатарда ет, балық етін жемеген жақсы. Жесеңіз, жатардан кемінде төрт сағат бұрын жеңіз. Өйткені ол асқазанда ұзақ уақыт қорытылады, сөйтіп ағзаға қажетті энергияға айналады. Ал егер ұйқыға тоя ет жеп жатсаңыз, онда ол қорытылмайды, жатып қалып, қажетсіз заттарға ыдырайды, ағзаны бүлдіреді, қанға өтіп, улайды. Қажетсіз, толы заттан қарын қампаяды.

Нан өнімдерін де жатарда жеген дұрыс болмайды. Олар тез қорытылады да, қанда инсулин мөлшерін арттырады. Бұл кезде ағзада қимыл - қозғалыс болмағандықтан энергия жұмсалмайды, ол қарынға, мықынға май болып іркіледі.
Шоколадты жатарда жеуді әдетке айналдырсаңыз да тап осындай нәтижеге «қол жеткізесіз».

Чипсы, сухариктерден де осындай әсер аласыз. Өйткені оларда калория мен химиялық қоспалар көп. Ұйқы кезінде зат алмасуы төмендейтіндіктен олардан да келер зиян аз емес.

Жаңғақтар мен кепкен жемістердің ағзаға көп калория беретіні белгілі. Сондықтан оларды жатарда көп жесеңіз, семіруге, май түзілуіне жағдай жасайсыз.
Кофе, кока - кола, шайды жатар алдында ішкен де дұрыс емес. Олар ұйқыны бұзады. Мұндайда адам түн ішінде тұрып алып тамақ жеуі де мүмкін. Жоғарыда аталып өткендей, түнгі тамақ ағзаға майды көп береді.

Ағза өзін аш сезінбес үшін ұйқыға жатарда бір стакан айран, простакваша, ряженка, йогурт ішкен, аздап көкөніс, жеміс - жидек, жеңіл салат жеген дұрыс.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930