Untitled Document

Сұхбат... Бисмилләһпен бастау

Жақсы істерді бисмилләһпен бастау керек. Ләухул-махфузға алғаш жазылған сөз бисмилләһ болып табылады. Адам пайғамбарға алғаш келген сөз – бисмилләһ сөзі. Мұсылмандар бисмилләһ сөзі арқылы Сыраттан өтеді. Жұмақ шақыруының мөрі бисмилләһ болып табылады.

Бисмилләһтің мағынасы  «барлық нәрсені жоқтан бар етуімен және әр демде жоқ болудан қорғауымен оларға жақсылық жасаған Аллаһу та’аланың көмегімен осы істі жасай аламын. Білгірлер оны Жаратушы ретінде таныды. Әлемдер оның мейірімділігімен ризыққа ие болды. Күнә істегендер Оның рақымдылығымен тозақтан құтылды»  дегенді білдіреді.

Хадис шәрифтерде былай делінді:

«Бисмилләһпен басталмаған әрбір маңызды іс нұқсан болып қалады».

«Жазған кезде Бисмилләһ айтқанның қажеттілігі оңай өтеледі, Аллаһу та’ала да риза болады».

«Үйге кіргенде шайтан да сізбен бірге кіруге тырысады. Кірерде бисмилләһ айтылса, шайтан «бұл үйге кіре алмаймын» деп, кері қайтады».

«Аллаһу та’ала ісін бисмилләһпен бастаған адамды кешіреді».

«Ұстаз шәкіртіне бисмилләһ оқыса, шәкірті қайталаса, Аллаһу та’ала баланың және ата-анасының және ұстазының тозаққа кірмеуі үшін құжат жаздырады».

Абдуллаһ Ибни Аббас былай дейді: Пайғамбарымыз бұйырды: «Құран Кәрімді құрметтеу Әузу-мен бастау арқылы болады және Құран Кәрімнің кілті – бисмилләһ».




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930