Жалғасы... Әкең сенің жақсы адам еді (2)
Бауырым бұл қарыз емес, жас жанұяға шын көңіліммен берген ағалық ықыласым айналайын. Жаратқанның алдында да, адамның алдында да қарыз емессің. Іштей ағама қарыз едім-деп қымсынсаң, оны өтеудің бір жолын айтайын саған бауырым. Білесің ғой біздің үйде бір жүгермек, жалғыз ініңнің өсіп келе жатқанын. Ертең мен өлсем, сол ініңді көргенде; “Сенің әкең жақсы адам еді”- деп бір ауыз айтшы деп ағам маған қарап, сәл жымиды.
Көп ұзамай Нарымбет ағай дүниеден өтті. Жалғыз ұлы әкеден жастай қалды. Інімді көрген сайын әкесінің жақсы адам болғанын есіне салам.
Бүгінде, Нарымбет ағаның артында қалған жалғыз ұлы үлкен жігіт болып өсті, елге сыйлы азамат. Мені көрген сайын, Аға Сіздің “Сенің әкең жақсы адам еді”-деген сөзіңіз жаныма қуат берді. Әкем жақсы болғанда, мен қалай жаман боламын-деп жақсы болуға тырыстым- деп інім ағынан жарылады.
“Жақсылық жасада теңізге таста. Балық білмесе де, Халық біледі”- деген рас. Жақсы әкенің шарапаты балаға қырық жыл азық деген осы, бауырлар.
Бүгінгі адам өзінен артылмай қалды. Өзге түгілі, өзінің ағайынына қараспайды. Қарыз бермейді, қолқабыс жасамайды. Бұл жақсы үрдіс емес.
“Жақсы адам еді” – деген сөзді жаныңыз қаласа жақындарыңызға жақсылық жасаңыз. Жақсы адамның етек-жеңі кең болады, ахиретте салихтармен терезесі тең болады.