Сұхбат... Зинақорлық үлкен күнә
Зина – ақылды және балиғат жасында болған еркек пен әйелдің некесіз қатынаста болулары дегенді білдіреді. Зина харам болып табылады.
Құран кәрімде былай делінеді:
«Зинаға жоламаңдар! Ол арсыздық, лас, төмен іс, жаман жол болып табылады». (Исра 32)
«Мұсылмандарға айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан қорғасын!» (Нұр 31-32) Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Аллаһтың алдында зинадан үлкен күнә жоқ». (Р. Насихин)
«Бір жерде зина және риба көбейсе, ол жердің халқы бәлеге ұшырайды». (Хаким)
«Зинаның дүниеде үш зияны бар:
1.Әдемілікті және жүздегі нұрды кетіреді,
2.Кедейлікке жол ашады,
3.Өмірдің қысқаруына себеп болады.
Ақыреттегі үш зияны:
1.Аллаһу та’ала ашуланады,
2.Қияметте есебі қатаң болады,
3.Жаһаннам отында азап шегуге себеп болады». (Табарани)
Сұрақ: Қандай жағдайда зина болады?
Жауап: Бір хадис шәрифте былай делінеді:
«Көздің зинасы – харамға қарау, құлақтың зинасы – әдепсіз (ұятсыз) сөз тыңдау, тілдің зинасы – балағат (ұятсыз сөздер) айту, қолдың зинасы өзіне халал болмаған әйелді ұстау, аяқтың зинасы – күнә болған жерлерге бару». (Бұхари)