Әдеп-ахлақ... Аз жеу және аз сөйлеу
Аз тамақ жеу мен аз сөйлеудің пайдалары:
- Жүрек таза және нұрлы болады, тоқтық болса жүректі нашарлатып, ойды азайтады.
- Аш адамның жүрегі нәзік болады, жасаған ғибадаттарының ләззатын сезінеді.
- Аштық әлсіздік пен шаршау әкеледі. Тоқтық құтыртады.
- Тоқ адам нәпсісіне тұтқын болады.
- Аш адам аз ұйықтайды. Барлық ғибадаттардың негізі аз ұйықтау.
- Тоқ адам аш адамдарды және ақырет азабын ұмытады.
- Аз жегеннің дені сау болады.
- Аз жегеннің шығыны да аз болады.
- Аз жеу шеберлік, көп жеу ауру.
- Көп жеген көп ұйықтайды, бәрінен жалқау болады.
- Сөз күміс болса, үндемеу алтын.
- Қайырлы сөз – керемет, үнсіздік саламат.
- Көп сөйлеу зиян, аз сөйлеу – байсалдылық.
- Тіліне ие болған адам барлық жамандықтардан құтылады.
- Әзіл, мазақ және бос сөйлеу бәле-жалаға жол ашады.
- Ащы сөйлегеннен достары қашады.
- Даналықты көп сөйлеуден емес, үнсіздіктен ізде.
- Тіл тура нәрселерді айтып үйренбейінше жүректе туралық болмайды.
- Тіл кіші болса да, айыбы үлкен.
- Көп сөйлеу достықты бұзады, орынсыз сөйлеу айыптарды ашады.
- Өтірік сөз иманды әлсіретеді, әрі адамды масқара етеді.
- Мазақ күлдіруі мүмкін, бірақ жүректі өлтіреді.
Жақсы сөз садақа, махшарға напақа.