Сұхбат... Йа, Раббым, елімізді қымбатшылықтан қорға!
Әлемде дертсіз, қиыншылықсыз адам жоқ. Дүние мұсылманға рахаттық мекені емес. Азапталу орны да емес. Негізгі рахаттық пен азап мекені – ахирет. Дүние – ахиреттің егістігі. Яғни дүние дегеніміз табыс табатын орын. Дүниеде не егілсе, ахиретте соның өнімі, жемісі беріледі. Әр ниғмет бір қиындықтың өтемі. Қиындық ауыр келеді. Дүниеліктен келген қиындықтың бәрі мұсылманның көңілін дүниеге суытып алыстатады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Сондай күнәлар бар, оларды тек күнкөрісте көрген қиыншылықтар жоя алады». (Хатиб)
«Құлдың күнәлары көбейіп, оны жоятын жақсы амалы болмаса, оған қиыншылықтар келіп, күнәларына өтем болады». (И. Ахмед)
Күнкөріс қиыншылығы болса да, басқа қиыншылықтар болса да, сабыр ету керек. Сабыр етпеу ештеңені жөндемеуімен қатар, ашуланып, жан-жақты қырып жіберу одан үлкен зияндарға себеп болады. Бір мұсылманның аяғына тікен кіріп кетсе немесе үйінде бір пиала сынса, бұл оның күнәларына өтем болады. Сондықтан да барлық қиыншылықтарға, қайғыларға шыдау үлкен ниғмет болады...
Бұрынғылар «Йа, Раббым, елімізді қахт-у ғаладан сақтай көр» деп дұға ететін. «Қахт» - жоқшылық, «Ғала» - қымбатшылық деген сөз. Бір заттың жоқ болуы оның қымбат болуынан жаман. Қазір мұндай дұғалар ұмытылып кетті. Тек қана шағымдану қалды.
«Лә хаула уә лә қууата илла биллаһил алийил азыйм» деу қиыншылық пен бәле-жаланы кері қайтарады. Ал келген бәле-жала мен қиыншылықтың кетуі үшін истиғфар айту қажет. Аллаһу та'ала: «Тәубе етсеңдер, көмекке келемін» деген. Күнәлар мен бәле-жаладан қорғану үшін тәубе ету және истиғфар айту қажет.