Сұхбат... Мизан таразысы
Қиямет күнінде істерді, амалдарды өлшейтін біз білмейтін «Мизан» атты өлшеу құралы, таразы бар. Жер мен көк оның бір тарапына сияды. Сауап жағы жарқын болып, Арштың оң жағында жәннат тарапында. Күнә жағы қараңғы болып, Арштың сол жағында, тозақ тарапында. Дүниеде жасалған істер, айтылған сөздер, пікірлер, көзқарастар ол жақта кейіпке еніп, жақсылықтар жарқын, жамандықтар қараңғы және жиіркенішті көрініп, осы таразыға тартылады. Бұл таразы дүниедегі таразыларға ұқсамайды. Ауыр тарапы жоғары көтеріледі, жеңіл тарапы төмен түседі делінді. Ғалымдардың (рахимә-һумуллаһу та’ала) бір тобының үкімі бойынша әртүрлі таразылар болады. Көбінің үкімі бойынша «таразылардың қанша және қандай болатындығы дінде нақты білдірілмеді» деді.
Сұхбат...Сырат көпірі
«Сырат көпірі» бар. Сырат көпірі Аллаһу та’аланың бұйрығымен тозақтың үстінде құрылады. Барлық адамға осы көпірден өту әмір етіледі. Ол күні барлық пайғамбарлар: «Йа, Раббым! Саламаттық берегөр!» деп жалбарынады. Жәннаттық болғандар көпірден оңай өтіп, жәннатқа кіреді. Олардың біразы найзағайдай, кейбіреулері жел сияқты, кейбіреулері шапқан ат сияқты өтеді. Сырат көпірі қылдан жіңішке, қылыштан өткір. Дүниеде Ислам дінін ұстану да осындай. Ислам дініне толық мойынсұнуға тырысу – сырат көпірінен өту сияқты. Бұл жақта нәпісімен күресу қиындығына төзгендер ол жақта сыраттан оңай және рахат өтеді. Ислам дініне бағынбаған, нәпісіне берілгендер Сыраттан қиналып өтеді. Осы себептен Аллаһу та’ала Ислам діні көрсеткен дұрыс жолды «Сират-и мустақим» деп атады. Бұл атаудың ұқсастығы да Ислам жолын ұстанудың сырат көпірінен өту сияқты екендігін көрсетеді. Тозақтық болғандар сыраттан өте алмай, тозаққа түседі.