Денсаулық... Ауыз иісін кетіру
Ауыз иісі өзіміздің де және айналаңыздағы адамдардың да мазасын қашыратын жағымсыз жағдай. Адамның өзіне деген сенімін кетіретін, психологиялық қатерлерге де апаруы мүмкін келеңсіздік. Бұл тұрғыда мамандардың кеңестеріне құлақ түрейік: Сілекей бездері сілекей бөліп шығару және бұл сұйықтықтарды ауыз ішіне жеткізу қызметін атқарады. Күн ішінде азық алынуының азаюы (аштық), сусыздық секілді себептермен ауыздағы сілекей мөлшері азаюы мүмкін. Сондай-ақ сілекей бөліну үрдісі ұйқы кезінде тоқтайды. Ауыздағы сілекей азайған кезінде ауыз өзін тазалау үшін қажетті сұйықтықты таба алмайды. Осы себепті әсіресе таңертеңгісін ұйқыдан тұрғанда ауыз иісі пайда болуы мүмкін. Қант диабеті, қан аздығы, қызу көтерілуі секілді аурулар мен кейбір дәрі түрлері де сілекей бөлінуін азайтатын себептер қатарына жатады. Сондай-ақ ауыз ішінде пайда болған инфекция және асқынған тіс еті аурулары да ауыз иісінің себепкері бола алады. Ауыз иісін кетіруде судың әсері мол. Түрлі себептерге байланысты азайған сілекей мөлшерін қалыпты жағдайға келтіруде су ішудің маңызы зор. Күніне шамамен 2 литр су тұтыну тіс саулығын қорғауға және сілекейге қатысты ауыз иісінің алдын алуға көмекші болады. Күнделікті тіс тазалығына мән беру керек. Тіл – қатпарлы қабаттарына байланысты бактериялардың оңай орнығатын мекенге жататындықтан, тіспен қатар тілді де тазалау ауыз иісін кетіруде маңызды. Қою шай, кофе және тәттілерді тұтынуды азайтып, әсіресе спиртті ішімдіктер мен темекіден аулақ болу керек. Тістегі шіріктер, кейбір тіс еті аурулары, ескі тіс көпірлері мен коронкалары да ауыз иісіне себепкер болатындықтан бұларды маман дәрігерлерге көрсетіп емдеп, жөндеу қажет.