Сіз білесіз бе? Каспий теңізі туралы мәлімет (1)
1. Ғалымдар арасында әлі күнге дейін Каспийге теңіз статусын беру керек па, жоқ әлде көл атауы беріле ме деген қара-қайшы пікірталас бар. Бұл пікірталастың себебі теңіз өзге мұхиттардан шалғайда «жабық» түрде орналасқандықтан туындауда. Әрі Каспий барша жабық су қоймаларының ішіндегі ең ірісі, бірақ сонымен бірге ол басқа теңіздерге қарағанда үлкен.
2. Оның максималды тереңдігі бір шақырымдық белгіден сәл жоғары. Ең терең жері - 1025 метр.
3. Каспий теңізінің суы өзге теңіздер мен мұхиттарға қарағанда орташа алғанда тұздылығы 5 есе аз.
4. Теңіз атауы осы маңда сонау 30 ғасыр бұрын өмір сүрген Каспий тайпасының атауымен аталып келеді. Ресейде оны жергілікті тұрғындардың атымен - Хвалис теңізі деп атады.Тағы бір кең таралған атау - «Дербент теңізі», ежелгі Дағыстанның Дербент қаласының есімімен аталған.
5. Каспий теңізінің жағалаулары әртүрлі континенттерге жатады.Б атыс жағалауы Еуропада, ал шығысы Азияда жатыр.
6. Каспий теңізіне 130-дан астам өзен құяды.
7. Егер Каспий теңізі әлі күнге дейін көл болып саналатын болса, онда ол бүкіл әлемдегі көл суларының шамамен 44% -ын алады және ол тереңдігі жағынан әлемде Байкал мен Танганьикадан кейінгі үшінші орынды иемденеді.
8. Каспий теңізіндегі су деңгейі тұрақсыз. Соңғы 3000 жыл ішінде ол шамамен 15 метрге өзгерді.
9. Каспий теңізінің ең жоғары толқыны 11 метрге жеткен.
10.Теңіз суы мен жағалауында 1800-ден астам әртүрлі жануарлар өмір сүреді. Ал өсімдіктердің 728 түрі өседі.
жалғас ертең...