Күннің тарихы... Хазреті Омар-әл Фаруқ
Сахабаи кирамның ең ұлыларынан және Ашараи Мубашшарадан (жәннатпен сүйіншіленген 10 сахабаның бірі). Расулуллаһтың екінші халифасы. Хазреті Әбу Бәкірден кейінгі сахабалардан ең үстемі. Құрайштың алдыңғы қатарлы адамдарынан еді. Өте әдемі сөйлейтін.
Бүкіл соғыстарға қатысып, арыстандай айбатымен, батырлығымен танылды. Ухуд соғысында расулуллаһтың жанынан айрылмады. Әр дайым дұрыс сөйлейтіндіктен «Фаруқ» деп аталды. Хазреті Әбу Бакір қайтыс боларында сахабаи кирамның алдыңғы қатардағыларын шақырып, көріскеннен кейін хазреті Омарды халифа етіп тағайындады. Бұдан кейін «Әмирул мүминин» атанды.
Қысқа ғана уақыттың ішінде өте үлкен жерлерді жаулап алғаны соншалық, тарихшыларды таң қалдырды. Құдысқа барғанында Румдарды әділетімен таң қалдырады. Кадсийа соғысында жеңіске жетіп, әскері Азак теңізіне дейін ілгерілеп, Тунусқа дейінгі жерлерді жаулап алды.
Пайғамбарымыз ол туралы хадис шәрифтерде былай деген:
«Аллаһу та’ала ақиқатты Омардың тілі мен жүрегіне орналастырған» (Әбу Дауд)
«Шайтан Омардың көлеңкесінен қашады» (Бұхари)
«Менен кейін пайғамбар келетін болғанда, Омар бин Хаттаб пайғамбар болар еді.» (Тирмизи)
Оның дәуірінде 4000 нан астам мешіт салынды. Хазреті Муауийаны Шамның әкімі етіп тағайындады. Жыл сайын қажылыққа барды. 10 жыл, 5 ай және 7 күн дүниеде бұрын соңды болмаған әділеттілікпен халифалық етті. Бүкіл әлемде хазреті Омардың әділеті деп мысал келтірілетін. Хижри 23-жылдың зүлхиджа айының бір таң намазында, Муғира бин Шуба хазреттерінің құлы Әбу Лулу Фируз тарапынан пышақталып, 644 жылы 3 қарашада 63 жасында қайтыс болды. Пайғамбарымыз жерленген Хужра-и Садәтта, хазреті Әбу Бәкірдің жанына жерленді.