Жалғасы... Қазақстандағы қаржы пирамидалары (1)
Мэдоффтан зардап шеккендердің арасында қарапайым тұрғындармен қатар, атақты адамдар да жеткілікті еді. Бейсбол спортының майталманы, "Нью-Йорк Метс" командасының иесі Фред Уилпон, актер Кевин Бэкон, режиссерлер – Стивен Спильберг пен Педро Альмодовар Медоффтың құрбандығына айналды.
Францияның, Голландияның, Жапонияның банктері де Мэдофф құрған тордан шыға алмай қалған.
Бұл процесс қазір бізде жалғасып жатыр. 1993 жылдан бері қаржылық пирамида индустриясы Қазақстанда "қарқынды" жұмыс істеп келеді. Мұны мамандар ашық айтып отыр. "Қаржы салып "байып кеткендердің" өмірі туралы бейнероликтер халықтың көзін байлап, тереңдеп ойлануына апаратын жолды жауып тастағанын ұмыта алмай жүргендер әлі бар.
1995-2002 жылдар арасында Ұлттық Банк төрағасының кеңесшісі болған қаржыгер Ілияс Исаев халықтың экономикалық сауатының тым төмендігі себеп болғанын айтады. Ақпарат құралдарында қаржылық пирамидалар туралы жиі жазылғанмен, олардың әрекетін кәсіби талдау жағы кемшін.
Қазір де жағдай мәз емес. Себебі ақпарат құралдары емес, қаржы сарапшыларының өзі бұл тақырыпты талдап беруге маманданбаған.
– Олармен соттасу барысы 5 жылдан 8 жылға дейін жүреді. Сол аралықта қаржың инфляцияға ұшырап, құнын жоғалтады. Сол себепті қаржы пирамидаларынан аулақ жүру керек, – дейді қазақстандық қаржыгер Ілияс Исаев.