Тарих... Кітапханалар тарихы (1)
Көне жазбалар секілді кітапханалардың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады. Асур, Бабил және Хитит мәдениеттерінен қазіргі таңға дейін жетіп келген жазба ескерткіштер өте ескі дәуірлерге тән болған кітап және кітапханашылыққа қатысты деректер беруде. Аталған мәдениеттерде уақыт өтуімен жиналған жазбалардың сақталуы үшін арнайы бөлмелер болған. Осылайша алғашқы кітапханалар қалыптасқан.
Кітапханаға қатысты жасалған зерттеулер мен қазба жұмыстарында қол жеткізілген деректер б.з.б. 2400 жылдарға ұласады. Асур мемлекетінің патшасы Асурбанипал тарапынан б.з.б. 625 жылы құрылған «Нинова Кітапханасы» деп аталатын кітапхана ең ескісі болып табылады. Римдіктер тарапынан қиратылған Мысырдағы мәшһүр Искандарийа (Александрия) кітапханасы болса өз дәуірінің ең үлкен кітапхана статусында еді.
Ал Ислам мәдениетінің өркендеуімен пайда болған кітапқа деген құлшыныс, көптеген кітапханалардың құрылуына және кітапханашылық дәстүрінің қалыптасуына едәуір септігін тигізді. Бұл дәстүр Әмәуилер, Аббасилер, Андалусия әмәуилері және Селжүктер, Қараханидтер секілді түркі мемлекеттері кезеңдерінде қарқынды дамып, жер жүзіне тараған. Өкінішке орай Орта Азиядан Андалусияға дейінгі аралықтағы мемлекеттерде құрылған кітапханалардың басым бөлігі Испан және Моңғол басқыншылығы кезінде жойылып кетті. Көлемі жағынан екінші орындағы Отырар кітапханасы Шыңғысханның басқыншығы кезінде жойылғаны айтылады. Өз дәуірінің білім және мәдениет орталығы болған Бағдат қаласын жаулап алған Монғолдар қаланың тас-талқанын шығарып, кітаптарды я жағып жіберді, я Тигр өзеніне ағызып жіберді. Тигр өзенінің қаншама күн сияның түсінде аққаны риуаят етіледі. Осындай қырғындар кесірінен жалғыз нұсқалы көптеген кітаптар біздің дәуірімізге дейін жетіп келе алмады.
жалғасы ертең...