Сіз білесіз бе? Түркия жайлы мәліметтер
- Жер аумағы әлем бойынша 36 орында.
- Шие Еуропаға алғаш болып Түркиядан әкелінді.
- Аңызға айналған Троя қаласы Түркия аумағында орналасқан.
- Дәріханада тұмауға қарсы иньекцияны тегін жасауға болады.
- 2000 жылдан астам уақыт бойы, Стамбул үш империяның астанасы болды: Рим, Византия және Осман.
- Әлемдегі алғашқы университет Түркияда құрылды.
- Әлемнің жеті кереметінін екеуі осы елде.
- Стамбул – екі құрлықта, яғни Еуропа мен Азияда орналасқан әлемдегі жалғыз қала.
- Шаштаразда ерлердің шашын тек қана ерлер алады, ал әйелдердікін – әйелдер. Түркия аумағының 97%-ы Азияда, 3%-ы Еуропада.
- Түркиядағы көптеген ғимараттарда төбеде қара көрсеткілер бар. Олар Меккеге баратын бағытты көрсетеді.
- Стамбул – елдегі ең үлкен қала. Оның халқының саны 14 миллион 700 мың адамнан асады!
- 3,5 миллионнан астам түрік азаматы ресми түрде Германияда тұрады.
- Туріктер шайды жақсы көреді
- Түркия туристердің ең көп келетін елдерінің бірі болып табылады.
- Ең танымал спорт түрі – футбол.
- Түрік халқы Жерорта теңізін, Ақ теңіз деп атайды.
- Әлемде 90 миллионға жуық адам түрік тілінде сөйлей алады.
- Түркияда пайдалы қазбалардың шамамен 100 түрі бар.
- Шын мәнінде, қызғалдақтардың туған жері – Голландия емес, Түркия.
- Түркияда үш әскери төңкеріс болды. 1960, 1971 және 1980 жылдары.
- 2001 жылы Түркияда өлім жазасы жойылды, бірақ 1984 жылдан бастап бірде-бір адам өлім жазасына кесілген жоқ.
- Түрік армиясы Еуропадағы ең қуатты күштердің бірі деп танылды.