Сұхбат... Ғалымдардың насихаты
-Жылы жүзді болу иманның белгісі.
-Барлық адамның үстінен арыздану тәкаппарлық.
-Нағыз қызмет – жылы сөз, жылы жүз.
-Жылы жүз бен жылы сөз - осы ғасырдың қаруы.
- Қызмет – беру арқылы болады, алу арқылы емес.
-Барлық қиындықтың себебі – күнә істеу.
-Жақсылық жасасаң, әрдайым жақсылық көресің.
-Дұрыс кітап оқу - сұхбаттың жартысы.
-Хараммен өскен дене отқа жанады.
-Тәкаппарды Аллаһ та, құл да сүймейді.
-Сен құлдарды сүйсең, Аллаһ сені сүйеді.
-Имансыз өлуден қорықпаған адам имансыз өледі.
-Егер сен кешірсең, Раббың сені кешіреді.
-Ахиретке пайдасы жоқ барлық нәрсе дүниелік нәрсе болып табылады.
-Адамдардың екі әшекейі бар: Әдеп пен кішіпейілділік.
-Ахиретте әрбір адам әрбір ісінен сұралады.
-Әдеп өзіңді әрдайым айыпты деп санау.
-Хақ та’ала беруді қаламаса, қалау сезімін бермес еді.
- Адамның қадірі ғылымы мен әдебінің болуында.
-Кішіпейіл адам шағымданбайды, оның үстінен ешкім шағым айтпайды.
-Әдеп - әлбетте байлық, кімде бар болса, сол жақсы адам болады.
-Әр күнді соңғы күн, әр намазды соңғы сәт деп біл.
-Кім күніне 20 рет өлімді ойласа, шәйіт болады.
-Харамды жақсы деп санаған адам кәпір болады.