Untitled Document

Сұхбат... Аятәл күрсидің қасиеті

Сұрақ: Көп оқылуы керектігі айтылатын Аятәл курсидің (Бақара 255) қандай қасиеттері, құндылықтары бар?

Жауап: Аятәл курсидің қасиеті өте көп. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аятәл күрси – аяттардың сәйиді (үстемі). Бір жерде оқылған кезде шайтан ол жерде тұра алмай міндетті түрде қашады.» (Хаким)

«Аятәл күрси – Құран кәрімнің төрттен бірі.» (Әбушшәйх)

«Үйінде Фатиха мен Аятәл күрси оқыған адамға жын мен шайтан сол күні зиян тигізе алмайды. Көз тимейді.» (Дейләми)

«Жатарда Аятәл күрси оқыған адамға шайтан жақындай алмайды.» (Шәуәһид ун нубууә)

«Әр парыз намазынан кейін Аятәл күрси оқыған адам үшін жәннатқа кіруіне ешқандай бөгет жоқ» (Нәсаи, Ибн Хиббан, Бәйһақи, Табарани)

«Үйінен шығарда Аятәл күрси оқыған адамға үйіне қайтқанға дейін жетпіс періште дұға және истиғфар етеді.» (Әйухәл уәләд илмихалы) (Көлікке мінгенде де Аятәл күрси оқу апаттар мен бәле-жаланың алдын алады.)

Хазреті Әли: «Қабір азабынан құтылу үшін Аятәл күрсиді көп оқу керек» - деген. (Зухра-тур-Рияз)

 

Міне, біз келдік, Салахаддин!

17 ғасырларда Осман империясы саясаты мен экономикасы мықты империя болды. Территориясы Кіші Азия, Таяу Шығыс, Балкан, Солтүстік Африка мен Мысырдыға дейінгі аралықты қамтыды. Онымен барлық еуропалық державалар кеңесетін еді. Алайда ештеңе мәңгі емес, 20 ғасырдың басында алып империя құлады. Османның ыдырауынан кейін Сирия мен Дамаск жерлері қорғаусыз қалды да, мұнда Француз әскерлері кірді.

Джеймс Барр: 1920 жылы француз әскері Сирия мен Дамаскке кіргенде, генерал Анри Гуро Иерусалимді азат етуші Салахаддиннің қабіріне барды да теуіп жіберіп «Міне, біз келдік, Салахаддин!» - деді.

Көзінің тірісінде қабағынан қорыққандардың ұрпағы, өлісінде қабірін ғана қорлауға шамалары жетеді.