Жалғасы... Құлақ шуылдауының 7 түрлі қауіпті себебі (2)
4. Бас сақинасы. Оның негізгі белгісі – бастың бір жағының тоқтаусыз, сынып ауыруы мен сол тұстағы тамырдың қатты соғуы. Құлақтағы шуыл соның салдарынан болады.
5. Отосклероз. Құлақ ішіндегі орта қуыста сүйек тіні өсуінен болатын созылмалы, қауіпті ауру. Бұл кезде құлақтағы тоқтаусыз жалғасады, алдымен бір құлақта байқалғанмен, көп ұзамай екінші құлаққа өтеді. Ол басты ауыртады, естуді нашарлатады, мұның соңы саңыраулыққа соқтырады. Отосклероз әдетте жасөспірім кезде басталады. Әсіресе әйелдерде көп кездеседі.
6. Шашыраңқы склероз. Құлақтағы шу бас айналу, жүрген кезде теңселу тудырса, денеде құмырсқа жүргендей тітіркену болса, бұл жүйке жүйесі жұмысының зақымдалуын білдіреді. Шашыраңқы склероз – ми жұмысын бұзатын ауру. Бұл диагнозды тәжірибелі дәрігер ғана тиісті зерттеу - сынамалар арқылы анықтай алады. Емі өте ұзаққа созылады.
7. Невринома. Бұл есту жүйкесінің қатерлі ісігі. Әдетте ол құлақтағы шуылдың уақыт өте келе үдеуі, бас айналуына ұласуы, естудің нашарлауынан басталады. Бұл білдірмей, баяу басталатын қауіпті ауру. Алғашқыда құлақ тұсы миды қоса шыңылдатып, тез өте шығатындықтан көп адам оған мән бермейді. Кенеттен құлақ тұсы шың ете қалғанда адам теңселіп немесе әлденеге шалынып қалғандай күй кешетін болса, онда дәрігерге көрінген дұрыс. Өйткені невринома есту қабілетін жояды, беттің жансыздануы, көрудің әлсіреуіне де себеп.