Untitled Document

Денсаулық... Қауіпті диареяның белгілері

Кей адамдар диареямен дәрігерге көрінуге ұялады. Диарея не үшін пайда болады және қандай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек? Бұл сұрақтарға Doctorpiter-ге гастроэнтеролог Мария Лопатина жауап берді.

Егер адамда үш немесе одан да көп рет сұйық нәжіс болса, дәрігер оған диарея диагнозын қояды.

Не үшін пайда болуы мүмкін?

- Жұқпалы ауру.  Бұл әдетте бұзылған тамақтан немесе ластанған судан болады. Жұқпаның белгілері 12 сағаттан 4 күнге дейінгі уақыт аралығында пайда болып, 3-7 күнде кетеді;

- Тітіркенген ішек синдромы;

- Ішек қабыну аурулары;

- Тағамдық аллергия;

- Целиакия;

- Лактаза жетіспеушілігі;

- Созылмалы панкреатит;

- Антибиотикпен байланысты диарея;

- Кей дәрілердің қосымша әсері;

- Басқа да аурулар (бірінші типті қант диабеті, алкогольді энтеропатия, ішек туберкулезі және т.б).

"Егер ауру жеңіл өтіп жатса, сұйық нәжіс күніне бірнеше рет болады, бірақ жалпы хал-жағдай қалыпты болуы керек. Ауыр жағдайда нәжіс жиілігі күніне 20-ға дейін баруы мүмкін. Бұл жағдайда су мен тұз мөлшерінің көп бөлігі жоғалады, ал ол сусыздану шақыруы мүмкін. Диарея қызу көтерілумен, іш ауруымен немесе түйілумен қатар жүруі мүмкін", - деп түсіндірді дәрігер.

Сізге жедел дәрігер көмегі керек екенін қалай білуге болады?

Барлық жағдайда бірдей үйде жату керек емес. Кейде диарея - қауіпті.

Сорбенттер диареяны емдеуде кең қолданылады. Алайда ол бәріне бірдей көмектеспеуі мүмкін.

Ескерту: егер диарея 48 сағаттан кейін де кетпесе, дәрігерге қаралу керек.

massaget.kz