Жалғасы... Судың пайдасы (2)
Су - дене температурасын реттейді. Сіз спортпен шұғылданған кезде немесе ауа ыстық болса, ағза ыстықтан тер шығару арқылы қорғанады. Тер тері сыртына шығады да, сол әрекетімен ағзаны салқындатады. Айтпақшы, тері токсиндерді шығарудың тағы бір жолы екенін ұмытпаңыздар.
Су арықтауға көмектеседі. Егер сіз арықтауды мақсат етіп, диетаға отырып, спортпен шұғылдансаңыз, суды ұмытпаңыз. Су майды жоюға көмектеседі. Әрине, арықтау үшін сізге жүгіріп, спортпен айналысып, терлеу қажет. Алайда, сіз қажетті мөлшерде су ішсеңіз, жаттығудан да жақсы қорытынды шығады.
Ми да суды қажет етеді. Бас ауыру, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі - бұл ағзасындағы су мөлшері аз адамға кездесетін қиындықтар. Орталық жүйке жүйесінде орын алатын өзгерістер, қиын химиялық реакциялар және миға оттегі жеткізу, мұның бәрі суды қажет етеді.
Терінің әдемілігі сақталады. Жұмсақ, таза тері қандай жағымды әрі әдемі көрінеді! Әрине, тері тазалығын сақтау үшін біз түрлі косметикалар қолданамыз, косметологтар кеңесіне жүгінеміз, алайда, судың қажеттілігін де ұмытпаймыз. Суды керекті мөлшерде қолдану терідегі ылғалдықты сақтауға көмектеседі, терінің қартаюына қарсы әрекет етеді.
Ағзаны қалай «суару» қажет?! Адам күніне 2 литр су ішуі керек. Бұл салмағы 65-70 келі аралықтағы адам үшін жарамды. Егер сіз бұдан да ірі болсаңыз, онда күн сайынғы ішетін су мөлшерін есептеп шығыңыз. Әрбір килограмм үшін 30 грамм судан қосылып отырады. Мысалы, сіз 90 келі тартасызү 90*30=2700 мл су.