Денсаулық... Судың пайдасы (1)
Токсиндерді шығару. Адам ағзасында көптеген токсиндік заттар кездеседі. Өндірістің зияны, пайдасыз тағам, көліктен шығатын шаң-тозаң, осының бәрі біздің ағзамыз кезігетін жағымсыз заттардың бір бөлігі. Одан бөлек, тамақты қайта ысыту кезінде көптеген токсиндік заттар пайда болады. Ал бұл кейін тамақтан улануға әкеліп соқтырады. Қуанышқа қарай, судың көптігінен біздің бүйректеріміз жақсы жұмыс істеп, несеп арқылы ағзадағы қажетсіз заттарды шығарады. Айтпақшы, тағы бір маңызды мүше бауыр да сусыз жұмыс істей алмайды.
Әмбебап еріткіш. Біздің өміріміздегі көптеген химиялық реакциялар да судың көмегімен орындалады. Ағзадағы барлық заттар тек ерітінді түрінде. Бұлшық ет, тері, сүйек, бұзылған ткандердің қалыпқа келуі, гормондардың синтезделуі, ферменттер, медиаторлар, бәрі де суды қажет етеді.
Жүрек пен буынның саулығы. Су атеросклероз бен басқа да оның асқынған түрлерінің ең негізгі емі болып табылады. Біз қажетті мөлшерде су ішкенде қан жақсы таралады да, атеросклероздық түйіндердің пайда болуына жол бермейді. Сол себепті, жүрек талмасы және инсульт сынды аурулардың алдын алады.
Буындардың қозғалуы әрі ептілігі. Әрбір буында буын сұйықтығы бар. Сол сұйықтықтың арқасында буын жылжып тұрады. Ал ағзадағы судың аздығы буын сұйықтығының өзгеруіне, құрғауына әкеледі. Буын қиындықпен қозғалып, біздің белсенді әрекет етуімізге кедергі келтіреді.
Иммунитет және су. Су иммундық жүйенің қызметін жақсартады. Біріншіден, иммундық жүйе ағзаға қан арқылы таралады. Ал қан қоюланып қалса, ұсақ буындардың арасына жетуі неғайбыл екенін жоғарыда айттық. Екіншіден, иммундық жасушалардың пайда болуы суды қажет етеді. Үшіншіден, несептің дұрыс айдалмауы мен керек емес заттардың ағзадан толық кетпеуі иммунитетті түсіреді.
жалғасы ертең...