Ғибрат... Шақыруымды қабыл алыңдар!
Әзіреті Әлидің ұлы Хасан радиаллаһу анһ көшеде тіленіп жүрген міскін пақырлардың жанынан өтіп бара жатады. Олар құмның үстіне нандарын жайып жеп отырған болатын.
Хазреті Хасан радиаллаһу анһ қашырының үстінде отырып оларға сәлем береді. Олар:
– «Уа, Аллаһ Елшісінің ардақты қызының ұлы, асқа келіңіз!» дейді. Хасан радиаллаһу анһ:
– «Жарайды! Аллаһу та’ала тәкаппарлық көрсетушілерді сүймейді» деп қашырынан түсіп, жерге отырып, олармен бірге нан жейді.
Сосын оларға амандық тілеп, көлігіне мінеді де: «Мен сендердің шақыруларыңды қабыл алдым. Сендер де менің шақыруымды қабыл алыңдар» дейді.
Олар келісіп, уақыт белгілейді. Олар үйіне келген кезде ең дәмді астан ұсынып, өзі де олармен бірге тамақ жейді.
Сұхбат...Әрдайым дәретпен жүретін адамға Аллаһу та’ала мыналарды ихсан етеді:
1) Періштелер оның жанынан айрылмайды.
2) Үздіксіз сауап жазады.
3) Бүкіл мүшелері тәсбих етеді.
4) Ұйықтаған кезде періштелер оны адам мен жынның зиянынан қорғайды.
5) Сәкәрати мәуті, яғни өлім жағдайы оңай болады.
6) Дәретпен жүрген кезде Аллаһу та’аланың қорғауында болады.
7) Ифтитах тәкбірін жіберіп алмайды.