Сұхбат... Ескі киім кию
Сұрақ: Кітаптарда ескі киім кию мақталған ғой, неліктен адамдар жаңа және жақсы киімдер киіп жүр?
Жауап: Ескі немесе жаңа киім кию ниетке қарай жақсы немесе жаман болады. Мубах болған істерде ниет маңызды. Ниет жақсы болса сауап, жаман болса күнә болады. Алайда харамдар, жақсы ниетпен жасалса да, харам емес болып қалмайды. Сәндену және мақтану мақсатында жаңа және сәулетті киім кию харам болып табылады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Сәнденуден сақтану – иманнан» (Ибн Мажа)
«Аллаһу та'ала қарапайым киімдерді киген адамды ұнатады» (Бәйһақи)
«Сәндену және мақтану мақсатында киінген адам, сол киімді үстінен шешкенге дейін, Аллаһу та'аланың мейірімінен ұзақ болады» (Табарани)
«Тәкәппарлану және мақтану мақсатында, атақты адамдар киетін киімді киген адамды Аллаһу та'ала сол киімдерімен бірге отқа тастайды» (Рузәйн)
«Жақсы киім алуға шамасы жетсе де алып кимеген адамға Аллаһу та'ала жәннат киімдерін кигізеді. Адамдардың назарын тарту үшін киінгендерге қияметте бейшаралардың киімін кигізеді» (Ширъа шәрһі)
Мақтану үшін, кедейлердің алдында тәкәппарлану және оларды төмен, бейшара санау мақсатында киіну, яки өзін тақуа, діндар қылып көрсету үшін ескі, жаман киім кию – адамдардың назарын тарту үшін киіну күнә болады. Шамасы жететін адамның қымбат матадан жақсы киім сатып алып киюі жаиз. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Аллаһу та'ала бір мүлік бергенінде, бұл ниғметтің әсері үстіңнен байқалсын» – деді. (Нәсаи)
«Жақсы киініңдер, Аллаһу та'аланың сендерге берген ниғметтерінің әсері байқалсын!» (Табарани)