Сіз білесіз бе? Әуезов жазған «Абай жолы»
1. "Абай жолы" роман-эпопеясының алғашқы кітабы 1942 жылы жарық көрді.
2. Жазушы Абайды өмірінде бір-ақ рет, бес жасында көрген.
3. Мұхтар жазушы Абай бейнесін суреттегенде Достоевский мен Тургенев романдарын ескерген.
4. Шығармада Құнанбай Базаралыны итжеккенге айдатса, шын өмірде Базаралыны Абай айдатқан.
5. Әуезов романды үш кітап етіп жазып, "Телғара" деп атамақ болған.
6. Жазушы Абайдың өлеңдерінің сырларын, толғаныстарын романда ашып көрсеткен.
7. Жазушы кейбір оқиғаларды екі түрлі сарынмен жоспарлаған.
8. Эпопеяда Дәркембай, Иса, Сейіт секілді ойдан шығарылған кейіпкерлер бар.
9. Бұл кітаптар орыс тіліне аударылу барысында Мұхтар ағамыз тәржіма жұмысына өзі тікелей араласқан.
10. Қодар мен Қамқа оқиғасы орын алғанда Абай өмірде болмаған немесе шақалақ сәби болған.
11. Қодар мен Қамқаның арасындағы оқиға жала емес, шын болған.
12.Абай туралы көптеген деректерді Кәкітай Ысқақұлы берген.
13. "Абай жолы" эпопеясында 17 мыңнан астам сөз бар.
14. Соңғы кітабын хатшыға айтып отырып тергізген.
15. "Абай жолы" дүние жүзі әдебиетінің ең таңдаулы 200 томдығына енген.
16. Қырғыздың ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматов "Абай жолын" жанынан тастамай алып жүрген.
17. Луи Арагон "Абай жолына" "ХХ ғасырдың ең үздік шығармасы" деп баға берген.
18. «Абай жолы» кітабы 20 жыл жазылған.
19. Эпопеяның мәтінін Мұхтар ағамыз түгелдей қолмен жазып, машинкаға бірнеше рет бастырған.
20. КСРО кезіндегі қатаң цензура Абайды жақсы, Құнанбайды жаман етіп суреттеуді талап еткен. Артынан жазушы «Абай жолы» мүлдем жарыққа шықпай қалар деп, «Түсінетін халық аман болсын» деп келісім берген.