Сұхбат... Дерттерден құтылу үшін
Сұрақ: Дерттерден, қиыншылықтардан құтылу үшін оқылатын дұғалар бар ма?
Жауап: Аллаһу та'аланың әдеті бойынша Ол барлық нәрсені себеппен жаратады. Бір нәрсеге қолжеткізу үшін сол нәрсенің жаратылуына себеп болатын амалды істеу керек. Барлық нәрсенің жаратылуына ортақ болған рухани себеп – садақа беру, жетпіс рет «Әстағфируллаһ мин кулли ма карихаллаһ» дұғасын оқу. Бұл екі рухани себеп заттық себептерді табуға да көмектеседі. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм):
«Аллаһу та'ала барлық аурудың емін жаратқан. Тек өлімге ғана шара жоқ» және «Ауруларыңды садақа берумен емдеңдер!» деген. Тағы бір хадис шәрифте айтқан:
«Мал-мүліктеріңді зекет беру арқылы қорғаңдар. Ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер! Дұға ету арқылы бәле-жаладан қорғаныңдар!»
Имам Раббани хазреттері айтқан:
«Жүректеріңе қайғы мен мұң басқан кезде одан құтылу үшін тәубе және истиғфар оқыңдар! Қорқынышты уақыттарда Калима-и тәмжид, яғни «Лә хаула уәлә қууата илла биллаһил алийил азыйм» дұғасын оқыңдар!»
Мұхаммед Масум хазреттері былай деген:
«Дерттерден құтылу және мақсатқа жету үшін бес жүз рет "Лә хаула уәлә қууата илла биллаһ" дұғасын оқу, оның басында және соңында жүз реттен салауат оқып дұға ету керек.»
Екі Құл әузу сүрелерін (Фәлақ пен Нас) оқу да өте пайдалы.
«Тәфсир-и Мазхари» кітабында «Әнбия» сүресінің сексен жетінші аятының тәфсиріндегі хадис шәрифте былай делінген:
«Бірілеріңе дерт пен бәле-жала келген кезде Юнус пайғамбардың дұғасын оқыңдар! Аллаһу та'ала Оны міндетті түрде құтқарады. Дұға мынадай: Лә илаһа илла әнтә субханака инни кунту минәззалимин.»
«Тәрғиб-ус-салат» кітабындағы хадис шәрифте:
«Таңертең тұрған кезде үш рет "Бисмиллаһилләзи лә йәдурру мә’асмиһи шәй-ун фил арди уәлә фиссама-и уә һу-уәс сәми’ул алим" дұғасын оқыған адамға кешке дейін ешқандай дерт, бәле-жала келмейді» делінген.