Тарих... Алмыш хан
Алмыш хан ислам дінін қабылдаған алғашқы түркі Еділ Бұлғарларының патшасы.
Х ғасырдың алғашқы жартысында Еділ Бұлғарларының патшасы болған Алмыш ханның есімі деректерде Алмыш бин Шилки Илтувар деп өтеді.
Алмыш ханның патшалығы кезінде Х ғасырдың басынан бастап Хорезм еліне сауда саттық жасап барған бұлғар түріктері ислам саудагерлерімен тығыз байланыс құра бастады. Мұсылмандардың тұрмыс-тіршіліктерін көріп, жақыннан байланыс құрған бұлғар саудагерлеріне бұл дін көңілдеріне қонымды келді. Жаңа діннің таралып жатқанын байқаған Алмыш хан әуел баста исламды зерттей бастады. Осы арада көрген түсінің әсерімен дереу мұсылмандықты қабылдады. Алмыш ханның мұсылман болуымен ислам діні қысқа уақытта Еділ Бұлғарларының ресми дініне айналды.
Алмыш хан Әмір Жафар бин Абдуллаһ деген лақаб ат алды. Ислам дінін жақсырақ үйрену үшін мешіт-медресе секілді ғимараттардың және мұнда қызмет ететін ғалымдардың жетілуін қалағандықтан 920 жылы Аббаси халифасынан дін ғалымдары мен сәулетшілер сұратты. Аббаси халифасы Мұқтадир Биллаһ тез арада дін ғалымдары мен сәулетшілерден құралған елшілік тобын жіберді. Елшілік тобын үлкен құрметпен қарсы алған Алмыш хан Халифаның жазған хатын түрегеп тұрып тыңдады. Елінде діни ғимараттардың жасалуына тікелей ат салысқан Алмыш ханның билігі қанша уақытқа созылғандығы және қашан қайтыс болғандығы белгісіз.
Алмыш ханның өлімінен кейін орнына ұлы Микаил таққа отырады. Алмыш ханның патшалығы кезінде ислам діні Дунай бойындағы тайпалар арасында жылдам тарады.