Сұхбат... Көңіл ренжітудің күнәсі
Сұрақ: Біреуді ренжіту мәселесіне дініміз қалай қарайды?
Жауап: Имам Раббани хазрет былай деген:
Көңіл (жүрек) – Аллаһу та’аланың көршісі. Аллаһу та’алаға көңілдің жақындығындай еш нәрсе жақын емес. Мүмин болса да, кәпір болса да ешкімнің көңілін қалдырмау керек, яғни ешкімді ренжітпеу керек. Өйткені кәпір көршіні де қорғау керек. Абай болыңдар, сақ болыңдар, біреуді ренжітуден өте сақ болыңдар! Аллаһу та’аланы ең қатты ренжітетін нәрсе – күпір. Күпірден кейін көңілді ренжітудей үлкен күнә жоқ. Өйткені, Аллаһу та’алаға жететін нәрселердің ең жақыны көңіл (жүрек). Адамдардың барлығы Аллаһу та’аланың құлдары. Қандай да бір адамның құлы жәбірленсе, ренжітілсе, оның иесі, қожайыны бұған әлбетте ашуланады. Бүкіл болмыстың жалғыз иесі болған Аллаһу та’аланың мәртебесін, ұлылығын ойлау керек. Оның махлұқтарына тек қана рұқсат берілген, әмір етілген мөлшерде ғана жұмыс істеткізуге, пайдалануға, қолдануға болады. Рұқсатымен қолдану – оларды ренжіту болмайды. Керісінше Оның әмірін орындау болады. (3 том, 45 мәктуб)
Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттің өсиетінің соңғы сөйлемі: «Ешкімді ренжітпеңдер!» - болған.
Хадис шәрифте былай делінеді: «Қиямет күнінде үмбетімнің муфлисі (банкроты) мына адам: ахиретке өте көп намаз, ораза және басқа да ғибадаттарымен келеді. Бірақ өмірде біреуді балағаттаған, біреуге жала жапқан, біреудің мүлкін жеген, біреудің қанын төккен. Жасаған бұл зұлымдықтарының өтемі ретінде жиған сауаптары ақы иелеріне беріледі. Сауаптары таусылса, ақы иелерінің күнәлары оның мойнына жүктеліп тозаққа тасталады».
Қандай түрде болмасын адамды ренжітуден өте абай болу керек. Барлық адамдармен жылы жүзді, жылы сөзді мәміледе болу, ешкімді ренжітпеу, мал-мүлкіне, ар-намысына көз салмау, заңға қарсы келмеу – мұсылманның міндеті.