Сұхбат... Құнды хадистер
Мына жеті нәрсе келмей тұрып, пайдалы амал етуде асығыңдар
1- (Аллаһты) Ұмыттыратын кедейлік,
2- Азғыртатын байлық,
3- Саулықты бұзатын ауру,
4- Алжастыратын кәрілік,
5- Кенеттен келген өлім,
6- Дәжжал,
7- Қиямет – бұл барлығынан да қауіпті.» (Тирмизи, Хаким)
«Адамды құртатын үш нәрсе:
1- Сараңдық,
2- Нәпсіге бағыну,
3- Өзін ұнату
Адамды құтқаратын үш нәрсе:
1- Жасырын не ашық Аллаһу та'аладан қорқу,
2- Кедейлік пен байлықта бір қалыпта болу,
3- Реніш пен қуанышта әділетті болу
Күнәларға каффарат болатын үш нәрсе:
1- Мешітке бару,
2- Намазды оқығаннан кейін келесі намазды күту,
3- Қатты суықта жақсылап дәрет алу.
Дәрежелерді көтеретін үш нәрсе:
1- Тамақ беру,
2- Сәлемді жаю,
3- Барлық адам ұйықтап жатқанда түнгі намазды оқу» (Хатиб)