Ғибратты оқиға... Көпірді өтетін және өтпейтіндер (2)
ір жас жігіт ауылына кетіп бара жатқан еді. Ол ауылға баратын жолмен бір аңғар арқылы өтеді екен. Ол аңғардан өту үшін тек бір асулы көпір ғана бар екен. Бірақ ол көпірдің баулары өте әлсіз болғандықтан, одан өту өте қауіпті болатын. Жігіт көпірдің алдына келгенде еш уайымсыз жан-жағын тамашалап, қиналмай арғы бетке өтіп, жолын жалғастырады.
Содан кейін ол көпірге басқа біреу келеді. Көпірге қараса, баулары үзілейін деп тұрады. Алдымен ол ұзақ-ұзақ дұғаларын әбден оқып, кейін арғы бетке өтпекші болады. Бірақ көпірге шығып, бір-екі қадам аттаған сәтінде баулары үзіліп, әлгі адам ұрылып-соғылып, жансыз денесі сайға домалап түседі.
Сол маңайдағы жартастардың бірінде осылардың бәрін көріп тұрған салих кісі көргендеріне қайран болады. Көңілімен Аллаһу та'алаға жалбарынып, мұның хикметін білгісі келіп сұрайды да, ұйқыға жатады. Түнде түсінде оған былай делінеді:
«Көпірді қиналмай өткен әлгі жігіт күндіз-түні үздіксіз Аллаһу та'аланы еске алатын, бағынатын еді. Көпірге келгенге дейін де тұрақты Аллаһу та'аламен бірге еді, яғни Оны зікір етіп келген еді. Жігіт Аллаһу та'аланы мүлде ұмытпағандықтан, әрдайым бағынғандықтан, Аллаһу та'ала оны көпірден арғы бетке қиыншылықсыз өткізіп жіберді...
Ал көпірден өте алмаған адам алдынан шыққан қауіпті көргенде ғана Аллаһу та'аланы зікір ете бастады, дұға ете бастады. Ол да әуелден Аллаһу та'аламен бірге болғанда, яғни ғибадаттарын орындап, бағынғанда, Аллаһу та'ала да көпірде онымен бірге болып, оған көмектесер еді»...