Untitled Document

Сұхбат... Көпірді өтетін және өтпейтіндер

Аллаһу та'аланы және Оның сүйікті құлдарын жақсы көретін адам сүйгендерін ұмытпайды, үнемі еске алып жүреді, бағынады және көп ойлайды. Жақсы мұсылман ғибадаттарын орындайды, өзіне қажетті білімді үйренеді, ешкімге жамандық жасамайды, харамнан сақтанады, ешкімнің мал-мүлкіне көз тікпейді және өлетінін естен шығармайды. Ондай адамның жүрегі дүниелік істермен айналысқан кезде Аллаһу та'аланы бір мезетке де ұмытпайды. Бүкіл іс-әрекеттері, сөздері, оқығандары, тыңдағандары, бәрі Аллаһ разылығы үшін болады. Бұндай жағдайда, адамның барлық мүшесі мен жүрегі Аллаһу та'алаға бағытталады, үздіксіз Оны зікір етеді, яғни еске алады.

Аллаһтан өзгесіне деген махаббатты, оларға беріліп кетуді жүректен шығару үшін зікір ету қажет. Жүректің жаратылғандарға байлануын жоқ қылу үшін ең жақсы ем – зікір. Хадис шәрифте: «Зікір ету арқылы жүректегі жүкті жеңілдетушілердің жолында болыңдар!» делінген. (Тәфсир-и азизи).

Аллаһу та'ала бұйрықтары мен тыйымдарын ұмытпайтын, бағынатын құлдарына әрдайым көмектеседі. Құран кәрімде былай делінеді:

«Аллаһ сендерге көмектессе, ешкім сендерді жеңе алмайды. Сендерге көмек бермесе, ешкім көмектесе алмайды».

 

Сәйкестік

Мәлик бин Динар хазреттері:

«Он адамның ішінде екі адам келісіп, жарасым таба алмайды. Тек қана олардың арасынан сипаты ұқсас болған екі кісі жараса алады. Адамдар тобы құстардың тобы сияқты. Екі құс араларында сәйкестік болмайынша бірге ұша алмайды» дейді екен.

Ол кісі бірде қарға мен кептердің бірге жүргенін көріп таң қалады. «Екеуі бірдей болмаса да, бірге жүргенін қара!» дейді.

Ол екеуі ұшқан кезде олардың екеуінің де бір қанаттарының жаралы екенін көреді де: «Ә-ә, осы себептен біріккен екен ғой» дейді.