Сұхбат... Жақсылық жасауды жақсы көретін адамдар
Жомарттық – ақшаны, мал-мүлікті жақсы жерлерге таратудан рахаттану деген сөз. Ислам діні әмір еткен жерлерге қуанып беру деген сөз. Жақсы мінездердің ең үстемдерінің бірі болған жомарттық аяти карималармен және хадис шәрифтермен мақталған.
Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) адамдардың ең жомарты еді. Бір нәрсе сұрап келген адамға жоқ дегені ешқашан байқалмаған. Сұралған зат бар болса беретін, жоқ болса жауап бермейтін. Теңдессіз жақсылықтары, сияпаттары мол болатын, тіпті Рим императорлары, Иран шахтары мұншалықты сый-сияпат жасай алмайтын еді. Бірақ өзі қиыншылықта өмір сүруді жақсы көретін.
Мұсылманға жарасатын қасиет – қанағат етіп, дүниеқұмар болмаумен қатар, әл-ауқаты бар кезде өзінен бұрын өзгелерді ойлау, жомарттық, қайырымдылық жасау, сараңдық пен бақылдықтан құтылу. Кеңпейілділік – пайғамбарлардың мінезі және құтылудың негізгі жолдарының бірі.
Хадис шәрифтерде айтылған:
«Аллаһу та'ала бірқатар адамдарды жақсылық жасау үшін жаратты. Жақсылықты оларға жақсы көрсетіп, жақсылық жасаумен айналысуды да жақсы көрсетті. Жәрдем мен жақсылық күткендерді оларға қаратты. Ашаршылық болған құрғақ жерлерде жаңбырды жіберіп, қурап тұрған топырақты және ол жақта өмір сүріп жатқандарды жандандырғанындай, беру себептерін де оларға жеңілдетті».
«Жәннат – жомарттардың мекені».
Жомарт адам болуға тырысып, сараңдықтан аулақ болу керек! Хадис шәрифте былай делінеді:
«Сараңдықтан аса сақтаныңдар! Сендерге дейінгілерді сараңдық құртқан болатын» (Мүслим).