Сұхбат... Сүндетке отырудың дініміздегі орны
Сұрақ: Кейбіреулер «Сүндетке отыру бидғат болады, дінде орны жоқ» деп жатады. Сонда 1400 жылдан бері ғалымдар, әулиелер, мүжтаһидтер және бүкіл мұсылмандар, бәрі бидғат істегені ме?
Жауап: Кім екені және кімге қызмет етіп жүргені ешкімге белгісіз болған бір топ адамдар барлық нәрсеге бидғат деп жүр. Құтты дін жаңадан келгендей, діннің пайғамбары жоқ сияқты, әр мүмкіндікте дініміз бен Расулуллаһтың мұрагерлері болған Ислам ғалымдарын сынға алуға тырысады. Бұлардың бәрі қияметтің белгісі. Өйткені хадис шәрифте: «Қиямет жақындағанда жаңа пайда болғандар бұрыңғы ғалымдарды надандықпен айыптайды.» - делінген. (Ибн Асакир)
Мұсылман адам сүндетке отыруға бидғат демейді. Миссионерлердің мұндай ойдан шығарған сөздеріне мұсылмандардың сенгені өкінішті. Дүмшелер бұрындары «Кәпірдің тапқаны» деп мұсылмандарды ғылымға, техникаға жақындатқысы келмейтін еді. Ал қазір барлық нәрсеге бидғат деп, мұсылмандарды діндерінен суытқысы келеді.
Сүндетке отыру – әйгілі сүннеттердің бірі. Мұны білмейтін мұсылман жоқ. Тіпті мұсылмандықта сүндетке отырғызудың бар екенін білмейтін кәпір де жоқ. Мұсылман болмағандар да намаздың, оранудың және сүндетке отырудың Ислам дінінің негіздерінің арасында екенін біледі.
Сүндетке отыру Исламның шиарынан (белгісінен) болып саналады. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Сүндетке отыру еркектер үшін сүннет.» (Табарани)
«Фытри (адамилықты көрсететін) сүннеттер бесеу: Сүндетке отыру, шапты тазалау, тырнақ қырқу, қолтық астын тазалау және мұртты қысқарту.» (Бұхари)
«Ибрахим алейһиссалам 80 жасында (сүннет әмірі келген кезде кешіктірмеу үшін) балтамен өзін сүндеттеді.» (Бұхари)
«Сүндетсіз адам 80 жасында болса да, мұсылман болған кезде сүндетке отырғызылады.» (Бәйһақи)
"Расулуллаһ мұсылман болған еркекке 80 жасында болса да сүндетке отыруын әмір ететін еді." (Табарани)