Сіз білесіз бе? Жұлдыз жайлы 12 мәлімет
- Көлемі үлкен жұлдыздардың өмір сүру ұзақтығы қысқа.
- Ең ыстық жұлдыз – Тапанша жұлдызы (Пистолетная звезда). Ол Күннен 10 миллиард есе жарық.
- Олар сутегі (шамамен 3/4) және гелийдан тұрады (шамамен 1/4). Жасы ұзарған сайын гелий көбейіп, сутегі азаяды.
- Ең көп көп таралғаны – қызыл карликтер. Олар шамамен 10 триллион жыл өмір сүреді.
- Ғарыштың ең үлкен жұлдызы – Күннен 1800 есе үлкен.
- Жұлдыздар бізден өте үлкен қашықтықта орналасқан. Жерге ең жақыны – Проксима Центавра деп аталады. Заманауи ұшақ кемесімен оған 70000 жылда ғана жетуге болады.
- Қызыл жұлдыздар – ең суық, ал көктері – ыстық.
- Нейтрон жұлдызының тығыздығы атом ядросының тығыздығымен бірдей.
- Біздің Галактикадағы жұлдыздардың саны 100 миллиардтан асады. Бірақ, бізден басқа жүздеген миллиард Галактика бар. Сондықтан, олардың жалпы санын тіпті шамамен айту, өте қиын.
- Жыл сайын біздің Галактикада 50 жаңа жұлдыз дүниеге келеді.
- Киль – ең ауыр жұлдыз болып саналады, оның массасы 150 Күнмен бірдей.
Өмірінің аяғында жұлдыздар – ақ карликтерге айналады.