Untitled Document

Сұхбат... Көмекке асығу

Имам Раббани хазреттің ұлы Мұхаммед Масум хазрет былай дейді:

Аллаһу та’ланың құлдарына қызмет етуге талпыну керек. Раббымыздың құлдарына қызмет ету арқылы дүниеде және ахиретте ниғметтерге қауышатынын ойлау керек. Адамдармен жұмсақ мәміледе болудың, оларға жақсылық жасаудың, олардың жұмыстарын жылы жүзбен, жылы сөзбен орындаудың Аллаһ разылығына қауыштыратын жол екенін білу керек. Ахиреттің азаптарынан құтылуға және жәннат ниғметтерінің артуына себеп болатынына еш күмәнданбау керек.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та’ала құлдарының қажеттіліктерін жаратып, жібереді. Аллаһтың ең жақсы көретін құлы – Оның ниғметтерінің құлдарына жетіп баруына себепші болған адам».

«Мұсылман мұсылманның бауыры. Бір-бірінің көңілдерін қалдырмайды, ренжітпейді. Бір адам дін бауырының бір ісіне көмектессе, Аллаһу та’ала да оның ісін жеңілдетеді. Бір адам бір мұсылманның қиыншылықтарын кетіріп, оны қуантса, қиямет күнінің ең қиын кезеңдерінде Аллаһу та’ала оны қиыншылықтан құтқарады».

 

Күлімдейік...

Жаман әдет

Бір кішкентай қыз бас бармағын емуді әдетке айналдырады. Анасы қаншама қой деп айтқанмен қойдыра алмайды. Бір күні қызына:

– Тыңда қызым, бұл әдетің жақсы емес. Егер саусағыңды аузыңа салуды
тоқтатпасаң ісініп-ісініп, кейін жарыласың,- дейді.

Анасының сөзінен қатты әсерленген қыз бұл әдетін тоқтатады. Бір күні
үйіне бір семіз кісі қонаққа келеді. Әлгі қыз келген қонаққа қарап:

– Аға сіздің не істегеніңізді білеміз. Әлі де кеш емес, мүмкіншілік барда бұл жаман әдетті тастасаңыз жақсы болады,- депті.