Untitled Document

Күннің тарихы... II Мехмет

II Мехмет 1432 жылы османлы елордасы Эдирнеде османлы сұлтаны II Мұрат шаңырағында дүниеге келді. 6 жасында әкесі оны Маниса санжақбейі етіп тағайындады. Ол осы лауазымда 1444 жылдың тамызына дейін болды.

1444 жылы әкесі 12 жасар II Мехметке өз тағын тапсырып, өзі мемлекеттік істерден уақытша алшақтады. 20 маусым 1444 жылы поляктар мен сербтер османлыларға қарсы әскери әрекеттер жасай бастады. II Мехмет әкесі Мұратқа османлы әскерін бастап, поляктар мен сербтерді талқандауға бұйрық берді. 10 қараша 1444 жылы Мұрат бастаған османлы әскері крестшілерді талқандады.

1446 жылдың күзінде Мұрат Шандарлы Халил паша қолдауымен өзіне тақты қайтарды. Ал Мехмет Маниса санжақбейі лауазымына қайтып келді. 5 жыл бойы Мехмет өз білімін тереңдетіп, әлемнің, өмір мен өлімнің сырларын ашу үшін метафизикаға қызыға бастады.

1448-1450 жылдары II Мұрат бұйрығымен Мехмет шаһзада Албания жорығына қатысты, бірақ Ескендір бей османлыларға қатты соққы берді. 1451 жылы әкесінің қазасына байланысты Эдирнеге келіп, екінші рет османлы тағына отырды.

II Мехмет 23 наурыз 1453 жылы ол Константинопольді жаулау жоспарын құрып, Эдирнеден үлкен әскермен жорыққа шықты.

5 сәуір 1453 жылы сұлтан 100-мыңдық әскерімен қазіргі Сұлтанахмет ауданының жанына аялдау жасап, келесі таңда үлкен зеңбіректерден оқ атуға бұйрық береді. 53 күнге созылған шайқас, ақырында, 29 мамыр 1453 жылы османлылардың Константинопольді жаулауымен аяқталады. II Мехмет қаланы тонауға бұйрық берді. Бірақ сұлтан қаланың мәдени мұрасын сақтауға тырысты. Қаладағы ең негізгі Айя Софья шіркеуін мешітке айналдырады, алайда сұлтан жергілікті христиан халықтың өз діндерін ұстай беруіне болатыны жайында, оларға ешқандай қысым көрсетілмейтіндігі жөнінде үкім шығарады.  

3 мамыр 1481 жылы II Мехмет сырқаттан қаза тапты.