Мақала... Чернобыль апаты (2)
1986 жылғы апаттан кейін де Чернобыльдегі атом-электр стансасы жұмысын тоқтатқан жоқ. Сол жылы стансаның 1,2-і блоктары жұмыс істеп тұрды. 1987 жылы 3-і блок іске қосылды.Тек 4-і блокті толық бекітуге күш салды.
1991 жылы 2-і блокта өрт болып, сөндірілген. 1996 жылдан бастап 3-і блок қана жұмыс істеп тұрды.
2000 жылы 5-і маусымда Украина президенті Леонид Кучма Чернобыль Атом Электр Стансасының ресми жабылғанын жариялады. Алайда тоқтатылған реакторлар мен ядролық отындарды бір жайлы ету үшін өте үлкен қаржы мен күш керек екені белгілі.
Мұнда әлі балаларын таза аймаққа жіберіп, өздері кетпей қалған қарттар тұрады. Олардың өз өмірі мен шаруашылықтары да бар.
Семей полигонындағы 456 жарылыс – Чернобыльдегідей 119 апатқа тең.
Ядролық радиацияның зардабын басынан өткізген және әлі де өткізіп келе жатқан қазақ халқы чернобыльдіктерді жақсы түсінді.
Әлемдегі ең үлкен атом бомбасын сынаған, ядролық сынақ алаңы болған Семейде 456 рет жарылыс болды. Оның қуаты Чернобыльдегідей 119 апатпен тең. Алайда, адам өмірі мен қоршаған ортаға тигізген зияны туралы әлемдік қауымдастық әлі ештеңе білмейді.
Денсаулық...Қауын-қарбыз
1.Қауын мен қарбыз әрі тамақ, әрі сусын. Асқазан мен ішектерді тазалайды. Теріні әдемілейді, бас ауруын жазады.
2.Қарбыз асқазанда тез қорытылады. Тамақтан бұрын жесе, ағзаларды тазалайды. Бас ауруына жақсы.
3.Қауын мен қарбыз қуық тастарын ерітеді, зәрді көбейтеді және ас қорытуды жеңілдетеді. Қауынмен немесе оның дәндерімен бетті сүртсе дақтарды кетіреді.
Пайғамбарымыз қарбызды жас құрмамен бірге жейтін