Сұхбат... Шәууaл айында ораза
Сұрақ: Рамазан айынан кейінгі Шәууал айында ораза тұтудың қандай құндылығы бар?
Жауап: Ораза тұту әркез үлкен сауап. Хадис шәрифте «Ораза тозақ отынан қорғайтын қалқан» делінген (Бұхари).
Шәууәл айында ораза тұтудың да сауабы көп. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Рамазаннан кейінгі Шәууал айында да 6 күн ораза тұтқан адам анасынан туған күндегідей күнәсыз болады» (Табарани).
«Рамазан оразасы мен Шәууал айында да 6 күн ораза тұтқан адам бір жыл ораза тұтқан болып саналады» (Ибн Мажә).
«Рамазан айының оразасы он айға, Рамазаннан кейін тұтылған 6 күн ораза да екі айға тең болады, осылайша бір жыл ораза тұтудың сауабы беріледі» (Ибн Хузейма).
«Амалдар дүйсенбі және бейсенбі күндері Аллаһу та’алаға ұсынылады. Мен амалымның ораза кезімде ұсынылуын қалаймын» (Тирмизи).
«Дүйсенбі және бейсенбі – күнәлар кешірілетін күндер болғандықтан мен ораза тұтамын» (Мүслим).
Сұрақ: Шәууал айында ұсталатын нәпіл оразаның орнына өткен Рамазан айында тұта алмаған оразалардың қазасына ниет етіп тұтуға болады ма? Егер болатын болса, қалай ниет етіледі?
Жауап: Әрине болады. Тіпті Рамазан оразаларын толық ұстай алмаған әйелдердің дәл солай жасауы керек. Әрбір ораза тұтатын күннің Имсак уақытынан бұрын «Ниет еттім Аллаһ разылығы үшін Шәууал айының нәпіл оразасы мен соңғы қазаға қалған Рамазан оразамның қазасын тұтуға» - деп ниет етіліп, неше күндік қарызы бар болса, сонша күн Шәууал айының ішінде тұтады. Қаласа арасын үзбей, қаласа ыңғайына қарай күнара, әйтеуір осы бір айдың ішінде ұстаса болады.