Untitled Document

Сұхбат... Итикаф деген не?

Сұрақ: Итикаф деген не? Әйелдердің үйде итикаф жасауына болады ма?

Жауап: Рамазан айының соңғы он күнінде бір мешітке кіріп күндіз-түні ғибадат етуге «итикаф» делінеді. Қасиетті Рамазан айында итикаф жасау муәккад сүннет болып табылады. Бірақ, итикаф кифая сүннет болғандықтан, бір аумақта бірнеше кісі итикафқа кірсе, басқаларының бұл сүннетті орындауы керек болмайды. Мүмкіндігі болғандар итикафқа кіруі керек. Итикаф жасаған адам мешітте ішіп-жейді, мешітте ұйықтайды. Дәрет үшін сыртқа шығуына болады. Бірнеше хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Итикафта болған адам күнәлардан ұзақтайды, барлық жақсылықты істегендей сауапқа кенеледі» (Ибн Мажа).

«Бір түйенің екі сауымындай уақыт итикаф еткен адам бір құл азат еткендей сауап алады» (Тәнуир).

«Рамазанда он күн итикаф еткен адам екі рет (нәпіл) қажылық жасағандай сауап алады» (Бәйһақи).

«Аллаһ разылығы үшін бір күн итикаф жасау адамды тозақтан өте ұзаққа алыстатады» (Табарани).

Сүннет екі түрлі болады: Сүннети худа және сүннети зәуаид. Мешітте итикаф жасау, азан оқу, қамат айту және жамағатпен намаз оқу сүннети худаға жатады. Бұлар Ислам дінінің шиары (белгісі). Осы үмбетке тән болған амалдар (Хадиқат-ун-нәдийа).

Расулуллаһ алейһиссалам «Миғраж түні бесінші қабат аспанда Османның бейнесін көрдім. «Бұл мәртебеге қалай жеттің?» деп сұрағанымда: «Мешітте итикаф етумен» деп жауап берді» деді (М.Чихар Йары Гузин).

Итикаф ораза, намаз сияқты нәзір етіледі. «Ауруымнан жазылсам итикафқа кіремін» делінбейді. «Ауруымнан жазылсам, Аллаһ разылығы үшін пәлен күн итикафқа кіремін» деп айту нәзір болады (С.Әбәдия).