СҰХБАТ... Зекет беру
Зекет беру Құран кәрімнің 32 жерінде намазбен бірге бұйырылады.
Жауапты адам, яғни ақылы толық, азат мұсылман адам шарттары сай келсе зекет берулері керек. Зекет кедейлердің байлардағы ақысы болып табылады. Зекет бермегендер бұл ақыны өтемегендіктен, яғни ғибадат жасамағандықтан күнәһар болады.
Зекетке қатысты негізгі мәліметтер:
Зекет мөлшері 20 мисқал, яғни 96 гр алтын немесе осы бағада ақша немесе сауда заты.
Зекет мөлшерінде мал-мүлкі бар адам бай деп аталады.
Зекет берілетін заттардың немесе ақшаның жыл ішіндегі азайып-көбеюіне қатысы жоқ. Мөлшерге ие болғаннан кейін бір жылдан соң қолда қалған зат мөлшерге жетсе, қырықтан бірі зекет ретінде кедейлерге беріледі. Мөлшерден аз болса берілмейді.
Зекет табыстан емес, жалпы сауда затынан немесе ақшадан беріледі.
Құжатты және құжатсыз алынатын алашақтар мөлшер есебіне кіргізіледі. Қарыздарды алғаннан кейін зекеті беріледі, алмай-ақ беруге де болады.
Қарыздар қолдағы ақша немесе заттан шығарылады. Қалғанының зекеті беріледі.
Зекет мешіт, қайырымдылық ұйымдары, үйірме сияқты жерлерге берілмейді. Зекет кедей мұсылмандарға беріледі.
Зекет сауда затынан беріледі. Оның орнына басқа зат беруге болмайды. Мысалы, кілемші азық бере алмайды.
Зекетті сауда затынан беруге болады және бағасын есептеп алтынмен беруге де болады.
Саудаға салынбайтын үйлер, жер, құралдар, үй жиһаздары зекет затына кірмейді.
Зекет кімдерге беріледі?
Адам анасына, әкесіне, аталарына, әжелеріне, балаларына, немерелеріне, әйеліне және кәпірге зекет бере алмайды. Кедей болу шартымен адам келініне, күйеу баласына, қайын атасына, енесіне, өгей баласына зекет беруіне болады. Кедей бауырына, көке, әпке, таға, нағашы әпкелеріне зекет беру сауап болады.