Untitled Document

Мәлімет... Қант

Ертеректе адамдар қант кристалдарын жасауды үйренді, сөйтіп оны жыл бойы бірнеше килограммдап тұтына бастады, бәріне бірдей емес, тек байларға ғана қолжетімді болды.

Әр ғасыр сайын қант өз құндылығын жоғалтып отырды, сөйтіп уақыт өте келе, қараға да, ханға да қолжетімді болды. Осы кезден бастап тісжегі және оны жұлдыру фактілері тіркеліп уақыт өте кең көлемде белең ала бастады.

Ал 19 ғасырда Ұлыбританияда алғашқы қатты шоколад пайда болды. Кейін тәттілер өндіретін зауыт-фабрикалар көптеп ашыла бастады.

2001 жылғы статистика бойынша адамзат баласы бір жылда 123 миллион тонна қант тұтынатындығы тіркелді. Ал бұл көрсеткіш 2018 жылы 173 миллион тоннаны құрады. Бұл дегеніміз адам басына есептегенде бір жылда 22,5кг қантты құрайды.

Білесіз бе?

• Қанттың орыс тіліндегі «сахар» сөзі арабтың «суккар» және санскриттегі «саркара» атауымен туыстас.

• Тарих мамандарының айтуынша, Үндістанмен қатар Қытай да қанттың отаны саналады.

• Саудаға түскен ең алғашқы қант сатып алған адамның байлығының қандай дәрежеде екеніндігін көрсететін болған.

• Қант қамысын алдымен парсылар, содан кейін барып арабтар оны Мысыр жеріне апарып өсірген.

• Мұнан 2000 жыл бұрын үндістандықтар қант кристалдарын жасай білген. Ескендір Зұлқарнайн (Александр Македонский) Үндістан жеріне жеткенде араларсыз «бал» алынып жатқандығын көріп таң қалыпты.

• Қантты Еуропа жеріне таныстырғандардың бірі де осы Ескендір Зұлқарнайн мен оның жауынгерлері болатын.