Сұхбат... Жафәр Садық
Жафәр Садық хазрет әһли бәйттен болып, он екі имамның алтыншысы, Сілсілә-и алияның төртіншісі. Әкесі Мұхаммед Бақыр, әкесінің әкесі – хазреті Әли.
Ілім мен үстемдікте заманының ең жетігі болды. Діни білімдерде болғанындай, заманының бүкіл пән ғылымдарында да ғалым еді. Жетілдірген шәкірттері алгебра және химия ғылымдарында әртүрлі жаңалықтар ашқан, осы ғылымдардың негізгі жүйелігін құрған. Физика және химия ғылымдарының негізі болған зат және соған қатысты білімі өте жоғары еді. Химияның атасы саналатын Жәбир де Жафәр Садық хазреттің шәкірті еді.
Оның құнды насихаттарынан:
«Мына адамдармен бірге болудан сақ болыңдар:
1) Өтірікшіден.
2) Сараңнан.
3) Ақымақтан. Өйткені ең қажетті уақытта сені тастап кетеді.
4) Пасықтан, яғни күнә істеуге ұялмайтын адамнан!».
«Бір қателік істеген кездеріңде истиғфар етіңдер, қателікте табандылық таныту құрып кетушілікке себеп. Бір адам күнкөріс қиыншылығын шегіп жүрген болса, истиғфар айтып жүрсін».
«Бәле-жалаға шүкір етпеген адам ниғметке де шүкір ете алмайды».
«Садақа беру арқылы ризықтарыңды көбейтіңдер. Зекет беру арқылы мал-мүліктеріңді қорғаңдар. Үнемдеуге мән берген адам қиыншылық көрмейді. Мұқият, ретті өмір сүру күнкөрістің жартысы. Адамдармен жақсы тұру ақылдың жартысы. Дертті кезде сабырсыз болған адам сауабынан мақұрым қалады».
«Мына төрт нәрсенің азы да көп саналады: От, дұшпан, кедейлік, ауру».
«Мына үш қасиет мұсылманды қадірлі етеді: Зұлымдық жасаған адамды кешіру, ештеңе бермеген адамға жақсылық жасау және өзін іздемейтін адамды іздеп сұрастыру».