Сұхбат ... Намаз оқымаудың алты зияны
Намазға немқұрайлы қараған мүминдер, яғни біле тұра намазға мән бермегендер азап пен жазаға тартылады. Олардың дүниедегі алты зияны мыналар:
1. Өмірінің берекесі болмайды. Әртүрлі аурулар, жаман жағдайлар, айыптаулар, қиыншылықтарға душар болады.
2. Хақ Та’аланың қызметіндегі адамдардың жүздерінде өз жаратылыстарындағы әсемдіктен басқа айрықша бір көркемдік болады, намаз оқымайтындарда бұл болмайды.
3. Аллаһу Та’ала ешқандай ісіне қайтарым бермейді. Яғни, күніне қанша рет садақа берсе, бірнеше жетімді қуантса, тамақ жегізсе, киіндірсе, бірнеше күн Құран Кәрімді бастан-аяқ оқып шықса және осы сияқты ғибадат, жақсылықтар жасаса да Хақ Та’ала оған ешқандай қайтарым, сауап бермейді.
4. Аллаһу Та’ала намаз оқымайтындардың дұғаларын қабылдамайды. Дүние істерінде өтініш жазған адамның өтінішінің бір жерде тұрып қалып, тиісті жеріне жеткізілмеуі сияқты болады.
5. Барлық жаратылыс оған ренжиді және дұшпан болады. Барлығы оған қарсы шығады. Мүминдер, Аллаһу Та’ала сүйіспеншілігіне берілгендер - намаз оқитындар. Олар тек қайырымды істер мен берекеге себеп болады.
6. Дұрыс мүминдердің дұғаларынан үлес ала алмайды. Яғни, мұсылмандардың дұғаларының берекесінен құр қалады. Мазарының қасынан өткен мұсылманның оқыған құранын пайдалана алмайды.