Сұхбат... Әркімнің өз күнәсі өзіне
Сұрақ: Кітаптарыңызда хазреті Муауия мақталған екен. Егер ол жақсы адам болса, онда өз ұлы Язидті жақсы тәрбиелеп жетілдіретін еді. Ұлы Язидтің жамандықтары мәлім бола тұра әкесін мақтау мұсылманшылыққа қайшы емес пе?
Жауап: Бұл қисын мұсылманшылыққа қайшы. Мысалы:
1) Қабил жасаған қылмысы үшін әкесі Адам алейһиссаламды айыптауға болмайды. Ең алғашқы адам және алғашқы пайғамбар Адам алейһиссалам туралы «Егер ұлын жақсы тәрбиелесе, кәпір болуының алдын алатын еді» деу дұрыс па?
2) Кенанның қырсықтығы үшін, кемеге мінбегені, «Таудың басына шығып құтыламын» дегені, кәпір болып кеткені үшін әкесі Нұх алейһиссаламды айыптауға болмайды. Нұх алейһиссалам туралы «Егер ұлын жақсы тәрбиелесе, кәпір болуының алдын алатын еді» деу дұрыс па?
3) Икримәнің (радиаллаһу анһ) әкесі Әбу Жәһл еді. Бірақ ол барлық сахабалар секілді жәннаттық еді. Әкесі Әбу Жәһл деп айыптауға болмайды. Сахабалардың көбісінің әкесі кәпір еді.
4) Хазреті Әлидің әкесі Әбу Талиб кәпір еді. Осы себеппен хазреті Әлиді айыптауға болмайды.
5) Хазреті Асия перғауынның әйелі еді. Күйеуі перғауын кәпір екен деп әйелі хазреті Асияны айыптауға болмайды.
6) Лұт алейһиссалам мен Нұх алейһиссаламның әйелдері кәпір еді. Әйелдері үшін күйеулерін айыптауға болмайды.
7) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көкесі Әбу Ләһәб мүшрик еді.
Сахабалардың ешбірін айыптауға болмайды. Өйткені олардың барлығын Аллаһу та'ала жәннатқа кіргізетініне сөз берген (Хадид 10). Бәріне разы екенін хабар берген (Маидә 119).