Untitled Document

Тарихи мәлімет... Қазақстандағы халық санағы (2)

1939 жыл

КСРО-ның 1937 жылы жүргізген халық санағы аяқсыз қалды. Қайта жүргізілген 1939 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 6 530 528 адам тіркелді.

Қазақтар – 2 327 625 адам (37,84%); Орыстар – 2 458 687 адам (40%); Өзбектер – 120 655 адам (1,96%); Татарлар – 108 127 адам; Ұйғырлар – 35 409 адам (0,58%); Әзербайжандар – 12 966 адам (0,21%); Чуваштар – 6 590 адам (0,11%); Қырғыздар – 5 033 адам (0,08%).

1959 жыл

Халық саны – 9 309 847 адам.

Қазақтар – 2 794 966, халықтың 29,85%-ы. Орыстар – 3 974 229 (42,68%).

1979-1989 жылдар

Қазақтың саны: 1979 жылы – 5 289 349 (халықтың 36,02%-ы); 1989 жылы – 6 534 616 адам (39,69%-ы).

1990-2018 жылдар

Халық саны – 16 009 597 адам. 1999-2009 жылдар аралығында қазақтар 26%-ға (яғни 2,1 млн-ға) артқан.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздіктегі ең алғашқы Ұлттық халық санағы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес 1999 жылы 25 ақпаннан бастап 4 наурыз аралығында өткізілді. 1999 жылғы бірінші Ұлттық халық санағының қорытындысымен қаланың халық саны 319 324 адамды құрады, оның ішінде ерлер – 148 607, ал әйелдер – 170 717 адам.  1989 жылғы санақпен салыстырғанда Астана қаласының халқы 13,5 пайызға өскен.  Халықтың қарқынды өсуі бұл қаланың Қазақстан Республикасының  астана статусын алғанына байланысты болып отыр.