Untitled Document

Тарихи мәлімет... Қазақстандағы халық санағы (1)

Еліміздегі халық санағы сонау 1897 жылдан бастау алған. Сол кездегі статистика бойынша қазіргі Қазақстан жерінде 4 млн 333 мың адам тұрған. Есепке 60 ұлт өкілі алынған. Олардың ішінде: Қазақтар – 3 392,7 мың адам немесе 81,7%; Орыстар – 454,4 мың (10,9%); Украиндер – 79,5 мың (1,9%); Татарлар – 55,9 мың (1,34%); Ұйғырлар – 55,8 мың (1,34%); Өзбектер – 29,5 мың (0,75%) т.т. құраған.

Қазақтардың облыстардағы үлес салмағы: Семейде – 90,6%, Торғайда– 88,3%, Оралда –71,3%, Ақмолада – 62,6%, Сырдария – 60,4%, Жетісуда – 52,1%. Орыстар Ақмола (25,5%) мен Орал (25%) облыстарында көбірек болды.

Ауылда – 3 882 350 адам, немесе жалпы қазақтың 93,6%-ы тұрды.

Қалада – қазақтардың 6%-ы ғана. Оралда – 36,4 мың, Верныйда (қазіргі Алматы) – 22,7 мың, Семейде – 20,2 мың, Петропавловскіде – 19,7 мың, Әулие-Атада (қазіргі Тараз) – 11,7 мың, Шымкентте – 11,2 мың, Ақмолада – 9,7 мың, Гурьевте (қазіргі Атырау) – 9,3 мың, Павлодарда – 7,7 мың, Перовскіде (қазіргі Қызылорда) – 5,0 мың, Ақтөбеде – 2,8 мың.

1917 жыл

Халық саны – 6 218 300 адам. Соның ішінде қазақтар – 3 615 000 (58%).

1926 жыл

Қазақстанда 6 198 467 адам тіркелген. Оның ішінде қазақтар – 3 627 612. 1897 жылғымен салыстырғанда небәрі 11 мыңға ғана өсіп, үлесі 58,5%-ға дейін төмендеді.

1917-1920 жылдар аралығында халық саны 6 218 300 адамнан 4 679 795 адамға, ал 1923 жылы 3 786 910 адамға дейін кеміді. Осылайша, алты жылда 2 431 390 адамға азайды.

Жалғасы ертең...