Сұхбат... Жұбайымен тату болып, әзілдескеннің ризқы артады.
Жақсы мінезді адам бәрімен тіл табысып, жақсы қарым-қатынаста болады, әсіресе өз жұбайымен тату болудың бір жолын міндетті түрде табады. Ата-бабаларымыз керемет айтқан: «Жарасқысы келген адам түйені биттей көрер, жарасқысы келмесе, битті түйедей көрер».
Дінімізде жақсы мұсылман болу үшін жұбайымен тату болу шарт. Құран кәрімде «Олармен жақсы қатынаста, тату болыңдар!» делінген (Ниса 19).
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Мұсылман кісі әйелінің жаман мінезіне ашуланбасын! Оның жақсы қасиеттері де бар» (Мүслим).
«Әйел – әлсіз жаратылыс. Әлсіздігін үндемей жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін байқамаңдар!» (Ибн Лал).
«Әйелін ұрған адамның қияметте қарсыласы мен боламын. Әйелін ұрған адам Аллаһ пен Расулына қас болады» (Р.Насихин).
«Әйелімен жақсы қатынаста болып, әзілдесіп жүретін адамды Аллаһу та'ала жақсы көреді, оның ризығын арттырады» (И.Лал).
Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады» (Р. Насихин).
«Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу та’ала жақсы көреді, ризықтарын арттырады» (И. Лал).
Әйелдердің көңілі бос, нәзік, сезімтал болғандықтан, бір-бірін күндейтіндері, көре алмайтындары көп. Осы тұрғыдан әсіресе жаңадан үйленгендер сергек болғаны жөн, анасы, әпке-қарындастары және басқа әйел туыстары жұбайын өсектегеніне алданбау керек, ондай сөздерге мүмкіндік бермеу қажет. Ондай сөздерге сеніп, жұбайын ренжітуден аса сақтанғаны жөн.