Ғибратты оқиға... Дұғалардың нәтижесі
Бір күні бір шәкірті Ибраһим Әдхәм хазреттен: «Аллаһу та’ала: «Ей құлдарым! Менен сұраңдар! Қабыл етейін, берейін!» деп бұйырған. Бірақ қанша сұрасақ та, қабыл болмай жатыр ғой?» деп сұрайды. Сонда Ибраһим Әдхәм:
· Аллаһу та’аланы шақырасыңдар, бірақ Оған бағынбайсыңдар!
· Пайғамбарын танисыңдар, оған ермейсіңдер!
· Құран кәрім оқисыңдар, көрсеткен жолымен жүрмейсіңдер!
· Құдайдың ниғметтерін пайдаланасыңдар, бірақ шүкір етпейсіңдер!
· Жәннаттың ғибадат еткендер үшін арналғанын білесіңдер, дайындығын істемейсіңдер!
· Тозақты әмірлерге қарсы шығушылар үшін жаратқанын білесіңдер, одан сақтанбайсыңдар!
· Бабаларыңның, аталарыңның не болғанын көріп, ғибрат алмайсыңдар!
· Өз айыптарыңа қарамай, басқалардың айыптарын іздейсіңдер! Мұндай адамдар үстілеріне тас жаумағанына, жер жұтып кетпегеніне, көктен от жаумағанына шүкір етсін! Тағы не сұрайсың? Дұғаларының нәтижесі осы болса, жетпей ме?,- деген екен.
Оқиға...Шайқалған шіркеу
Мұхаммед алейһиссалам 7 жасар кезінде көз ауруына шалдығады. Қанша шара қолданса да, пайдасы болмайды. Біреулер: «Указ жәрмеңкесінде бір поп бар, көзге дәрілер дайындайды» деп айтады. Абдулмутталиб хазреті Мұхаммед алейһиссаламды сол попқа алып барады. Айтқан шіркеуіне барғанында есігі жабық болады. Айғайлап шақырады, алайда ешкім жауап бермейді. Кейін Расулуллаһпен төменге түседі. Сол кезде шіркеу сілкіне бастайды. Абдулмутталиб: «Шіркеу үстімізге құлап кетпесін» деп қорқып кетеді.
Әлгі поп жүгіріп келіп: «Ей Абдулмутталиб! Мынау хақ нәрсе, бұл бала осы үмметтің пайғамбары. Егер сыртқа шықпағанымда, мына шіркеу үстіме құлайтын еді» дейді. Көз ауруына дайындаған дәрілерін беріп, «Бұл баланы жақсылап қорға, өйткені кейбіреулер оған зиян тигізуі мүмкін» дейді.