Untitled Document

Мүбарак түн... Миғраж түні

Ражаб айының 27-түні – миғраж түні. Миғраж «баспалдақ» деген сөз. Жәбрейіл алейһиссалам келіп, пайғамбарымызды 52 жасында ражаб (ережеп) айының 27-ші түнінде Меккедегі Мешіт Харамнан Құдыстағы (Иерусалим) Мешіт Ақсаға және одан көкке алып кетті.

Ислам ғалымдары былай дейді: «Миғраж рух және денемен бірге жүзеге асты. Аятпен көрсетілгендіктен, Меккеден Құдысқа апарылғанына сенбеген адам кәпір болады. Көктерге, ешкім білмейтін жерлерге апарылғанына сенбеген адам күнәһар болады».

Миғражда бес уақыт намаз парыз болды.

Миғраж оқиғасы арқылы мұсылмандардың имандары күшейді, кәпірлердің дұшпандығы артты. Кәпірлер сенбеді және «Мешіт Ақсаның қанша есігі, қанша терезесі бар?» деген сияқты сұрақтар қойды. Пайғамбарымыз миғражда бұларға мән бермеген болатын. Сол мезетте Жәбрейіл алейһиссалам Мешіт Ақсаны оның көз алдына алып келді. Ол соған қарап жауап берді.

Миғраж түнін ғибадатпен, күнін оразамен өткізу керек. Бұл жөнінде хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Бұл түні жақсы амал жасаған адамға жүз жылдық сияпат бар» (И. Ғазали, Әбу Мұса әл -Мәдәни).

«Ражаб айының 27-ші күні ораза тұтқан адамға 60 жылдық ораза сауабы беріледі» (И. Ғазали, Әбу Мұса әл -Мәдәни).

Бұл қасиетті түнде қаза намаздарды оқу керек, Құран кәрімді оқу керек, тәубе етіп, дұға жасау керек, ғалымдарға бару, сұхбаттарна қатысып ілім алу қажет, мұсылмандарды, кедейлерді қуанту, садақа беру, дүние мен ахирет бақыты үшін барлық мұсылмандарға дұға ету керек. Сауабын бақилық болғандарға бағыштау керек.