Untitled Document

Мәлімет... Қазақмыс (2)

2008 жылы — Қазақмыс Қазақстандағы көмірмен жұмыс істейтін «Екібастұз ГРЭС-1» электр станциясын сатып алды.

2011 жылы — Компания электростанциядағы үлесінің 50 пайызын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на сатты. Бұл шешім 2008 жылдың мамырында аталған электр станциясын сатып алу барысында қабылданған.

2011 жылы — Директорлар кеңесі Бозшакөл кенішін игеру туралы құжаттарды бекітті. Жоба 2012 жылы іске қосылды.

2012 жылы Екібастұз ГРЭС-1 станциясындағы ауқымды инвестициялық бағдарлама шеңберінде №8 энергетикалық блок іске қосылып, станцияның ток өндіру қуатын 3 000 МВт жеткізді.

2015 жылы — «Жезқазғантүстімет», «Қарағандытүстімет» және «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестіктерінің тау-кен кәсіпорындары басқару аппараты Жезқазған қаласында орналасқан Тау-кен өндірістік кешені болып қайта ұйымдастырылды.

2016 жылы — «Қазақмыс» компаниясының қаражаты есебінен Жезқазғандағы Медициналық орталықта дәрігер Сергей Михайлович Бубновскийдің әдісімен бірегей  кинезитерапия Орталығы ашылды. Жобаның құны – 82 миллион теңге. 

2018 жылы — «Қазақмыс Холдинг» ЖШС құрамына кіретін «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытында 10 жылдық үзілістен соң екінші кен қыздыру пеші өз жұмысын қайта бастады.

Негізгі  қызмет  түрлері

«Қазақмыс»  табиғи  пайдалы  қазбаларды  іздеу,  барлау,  өндіру,  байыту, өңдеу жұмыстарын жүргізеді және мыс пен басқа да пайдалы қазбаларды  экспорттайды. Компания  катодты  мыс  өндіруден  бөлек, алтын және күміс құймаларын, күкірт қышқылын, мыстың теллурит  және  селен  түрлерін, қорғасын  тозаңын шығарады.

Басшылық

Владимир Сергеевич Ким — Казақмыс Президенті, «KazakhmysHolding (Казахмыс Холдинг)» ЖШС Президенті.