Сұхбат... Дұға мен садақа бәле-жаланың алдын алады
Сұрақ: Адам дұға ету арқылы, садақа беру арқылы басына келетін бәлені тоқтата ала ма?
Жауап: Бұл тақырыпта хазреті Имам Ғазали «Ихия-ул улум» кітабында былай дейді:
«Қаза-и муаллақ, яғни, тағдыр ләухи махфузда жазылған. Егер бір адам жақсы амал істесе, жасаған дұғасы қабыл болса, ол қаза өзгереді». Хадис шәрифте былай дейді:
«Тағдыр шара қолданумен, алдын алумен өзгермейді. Бірақ қабыл болған дұға бәле-жала келгенде қорғайды».
Дұғаның бәле-жаланың алдын алуы тағдырдан. Қалқан оққа бөгет болғанындай, су топырақтан өсімдіктердің шығуына және ауадағы оттегі жандының жасушаларындағы азық заттарын жағып, жылу шығуына себеп болғанындай, дұға да Аллаһу та'аланың мейірім танытуына себеп болып табылады. Хадис шәрифте:
«Қаза-и муаллақты (тағдырды) ештеңе өзгерте алмайды. Тек қана дұға өзгертеді және өмірді тек қана жақсы амал, жақсы пиғыл ұзартады» делінген. Аллаһу та'аланың тағдырының ләухи махфузда жазылуы қаза, яғни, тағдыр деп аталады. Бір адамның тағдырында бәле-жала жазылған болса және ол адамның сол бәлеге қарсы дұға етуі де тағдырында болса, ол дұға етеді, қабыл болған дұғасымен бәле-жаланың алдын алған болады. Ал ажал-и қазаны жақсылық жасау кешіктіреді. Бірақ ажал-и мусамма өзгермейді. Ажал-и қаза деген, мысалы бір адам жақсы амал жасап, садақа беріп, қажылыққа барса өмірі алпыс жыл, бұларды істемесе қырық жыл деп тағдырға жазылуы секілді.