Untitled Document

Мәлімет... Алғашқы автокөліктер

Археологтар «Месопотамияда немесе Азияда б.д.д. 4000-3500 жылдар аралығында дүниеге дөңгелек келген соң, көлік міну де пайда болды» деп есептейді. Ал автокөлік тарихы XV ғасырдан басталады. Сол кезде Леонардо да Винчи көліктің дизайны мен моделін жасаған болатын. Германиялық Карл Бенс 1885 жылы өзінің алғашқы автокөлігін жасап шығарды. Ол «Атсыз арба» деп аталды. Автокөлікті көп мөлшерде шығару ісі 1902 жылы басталды. Оны кейін Генри Форд кеңейте түсті. Форд 1908 жылы алғаш рет көпшілікке арналған көлік – «Қаңылтыр Лиззаны» ұсынды. 1769 жылы Николя-Жосеф Куньо француз армиясына арнап тұңғыш өздігінен жүретін автокөлік (әскери трактор) құрастырып шығарды. Германиялық Готтлиб Вильгельм Даймлер мен Вильям Майбах 1886 жылы «Канстатт-Даймлер» деген атпен мәлім, төрт тактылы қозғалтқыш орнатылған алғашқы төрт дөңгелекті көлікті ойлап тапты. Чарльз Эдгар Дурея өзінің бауырымен бірлесіп, газбен жүретін алғашқы көлікті шығарды. 1960 жылдары әлемде электрлі механизммен жұмыс істейтін көлік қолданысқа енді. Автокөлік шығарушылар ақырындап қауіпсіздік пен сенімділікке көбірек көңіл бөле бастады.

Әлемдегі ең алғашқы автокөліктің тарихы Николас Джозеф Кагнот есімді механикпен тікелей байланысты. Николас Джозеф Франция мемлекетінің қорғаныс министрі Этьен-Француаның бұйрығымен артиллериялық жабдық тасымалдайтын көліктің жобалауын бастайды. Осы жобаға негізделе отырып, Кагнот пен екінші әскери механик Брезин бумен жүретін алғашқы көліктің бірінші үлгісін құрастырған. Алғашқы көліктің жылдамдығы өте баяу болатын, сағатына 4 шақырым. Бірақ, осы көліктің артықшылығы – 5 тонна жүкті тасымалдай алатын еді. Бірақ осы көліктің бір осал жері тежегіш болған. Осының кесірінен көлік бірнеше рет жол апатына ұшырады. Нәтижесінде көліктің шығарылуы 1771 жылы аяқталған. Бірақ осыған қарамастан, Кагноттың көлігі тарихта ең алғашқы көлік ретінде танылады. Ал жанармаймен жүретін алғашқы көлік ретінде Бенцтың 3 дөңгелекті екі орынды үлгісі саналады.

Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүретін көлік Парижде құрастырылған еді. Бельгиялық құрастырушы Камилл Женатци бұл көлікті 1899 жылы шығарған. La Jamais-Contente атты көлік екі электр қозғалтқыш арқылы жүрген.

massaget.kz