Мәлімет... Дімұхамед Қонаев (1912-1993 жж)
Димаш атаның нақыл сөздері:
- Жастық шақ қанаттарын жайып салу үшін емес, ұшу, жұмыс істеу, жұмыс істеу, жұмыс істеу үшін берілген.
- Өмірдің екі тірегі бар. Үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
- Сыпайылық кiшiлiктен ғана емес, кiсiлiктен де туады.
- Жиырмасыншы ғасыр таңғажайып ғасыр, тарих үшін қызықты, ал замандас үшін қасірет ғасыры.
- Адам айнасы – адам.
- Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.
- Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру.
- Ақиқаттан аттап кету – арға сын.
- Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.
- Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.
- Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.
- Сенім – құдіретті күш, тауды да қозғайды.
- Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте.
- Жалада шындық болмайды.
Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.